08 ақпан 2014 12:17

Солтүстік Корея Сочи Олимпиадасына арнап маркалар шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото EPA© фото EPA©

Солтүстік Корея Сочи Олимпиадасына арнап маркалар шығарды деп хабарлайды Вести.Ru. Пошта маркасының жоғарғы бөлігінде корей және ағылшын тілінде "Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиада, Россия-2014" деп жазылған. Сондай-ақ маркада КХДР-дың Олимпиада комитетінің эмблемасы суреттеліпті. Ондағы басты спорт сюжеттері: шаңғы жарысы, жоғары жылдамдықта жүйткіген конькиші, шайбадағы және бобслейдегі хоккей. Еске сала кетелік, Сочидегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты жұма күні 7 ақпанда өтті. Ашылу салтанаты "Фитш" стадионында болды. Олимпиаданың ашылу салтанаты Олимпиада алауына от қоюмен аяқталды. Эстафетаны бастаған Мария Шарапова қолындағы от Елена Исинбаеваға, Александр Карелинге, Алина Кабаеваға қолдан қолға өтті. Бұл рәсімді Ирина Роднина мен Владислав Третьяк түйіндеді. Еске сала кетелік, бұл Олимпиада ойындары бірнеше көрсеткіш бойынша рекордтық дәрежеде. Мәселен, Сочиде 88 мемлекеттің спортшылары қатысады, бұл - төрт жыл бұрынғы Ванкувердегіден алты елге артық көрсеткіш. Жалпы есеппен 98 жүлде тартысқа салынады, яғни 2010 жылмен салыстырғанда 12-ге көп. Олимпиада ойындары 23 ақпанға дейін жалғасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети