16 маусым 2016 11:07

Соңына дейін күресеміз - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі допинг дауы жөнінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ntv.ru © ntv.ru

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпиондары, ауыратлеттер - Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза мен Светлана Подобедованың қанынан допинг табылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпиондары, ауыратлеттер - Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза мен Светлана Подобедованың қанынан допинг табылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресми мәліметтерге сүйенсек, біздің спортшылардан алынған А және Б допинг сынамалары күмән тудырды. 27 маусымда Халықаралық олимпиада комитетінде тәртіптік комиссия біздің спортшыларға қатысты мәселені қарастырады. Бұл уақытқа дейін олар спорттан шеттетілді. Спортшылар жаттығуға қатыса алады, дегенмен шешім қабылданғанға дейін еш жерде өнер көрсете алмайды", - деді вице-министр Сенаттың кеңейтілген отырысынан кейін.

Оның айтуынша, комиссия спортшылардың марапаттары мен олардың Рио Олимпиадасына қатысу мәселесін қарайды. "Осыдан кейін шешім қабылданады. Егер ол біз үшін оңтайлы шешім болмаса, 20 күн ішінде шағым түсіре аламыз. Бұдан кейін шешім Халықаралық федерацияға жолданып, соңғы үкім сонда айтылады. Біз бар күшімізді салып, спортшыларға заң жүзінде көмек көрсетеміз. Соңына дейін күресеміз", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Олимпиада чемпиондары Ильин, Чиншанло, Манеза және Подобедованың жарыстардан шеттетілгені белгілі болған еді. Қайта тексерудің қорытындысында төрт ауыратлеттің де станозолол қолданғаны, ал Ильин мен Чиншанлоның қосымша тағы екі препарат қолданғаны анықталған.

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы ҚР Ұлттық Олимпиала комитетімен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен атлеттерге өз заңды құқықтарын қорғауға барлық деңгейде және процесстің барлық кезеңінде құқықтық көмек көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети