15 тамыз 2014 19:35

Ташкентке баратын балуандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©confederation.kz ©confederation.kz

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы балуандарының тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан күрес федерациясына сілтеме жасап. 


Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы балуандарының тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан күрес федерациясына сілтеме жасап. 

Еске салайық, былтырғы әлемдік дода қазақ балуандары үшін аса сәтті бола қойған жоқ еді. Өткен жылы біздің құрама Нұрмахан Тінәлиев пен Екатерина Ларионова жеңіп алған екі қоламен ғана оралды. Сондықтан да бапкерлер биылғы көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштен жоғары болу керек деп отыр.

Негізі біздің балуандар үшін 2014 жылдың ең басты бәсекесі - Азия ойындары. Сол себепті, күрестің үш түріндегі үздіктеріміз Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін "сары құрлық" бәсекесіне дайындалып жатыр. Десе де бұл әлем чемпионатына әлсіз балуандар қатысады деген сөз емес. Ташкент төрінде өтетін әлем чемпионатында биыл Қазақстан біріншілігінде екінші орын иеленіп, халықаралық жарыстарда жүлдеге іліккен спортшылар ел намысын қорғайды. 

Сонымен күрес түрлерінен әлем чемпионатына мына балуандар қатысады - грек-рим күресі: Ербол Қоңыратов (59 келі), Айбек Еңсеханов (66 келі), Демеу Жадыраев (71 келі), Рашид Кочиев (75 келі), Даниял Гаджиев (80 келі), Андрей Самохин (86 келі), Жанарбек Қабдолов (98 келі), Нұрмахан Тінәлиев (130 келі).

Әйелдер күресінен: Зүлфия Яхъярова (48 келі), Жұлдыз Ешімова (53 келі), Мерует Дынбаева (55 келі), Айжан Ысмағұлова (58 келі), Джулия Сатымбекова (60 келі), Ольга Калинина (63 келі), Эльмира Сыздықова (69 келі), Гүлмарал Еркебаева (75 келі).

Еркін күрестен: Шоқан Шыңғысов (57 келі), Артас Сана (61 келі), Саятбек Оқасов (65 келі), Ақжүрек Таңатаров (70 келі), Жігер Зәкіров (74 келі), Аслан Кахидзе (86 келі), Әлихан Жұмаев (97 келі), Ержан Дүйсенбеков (125 келі).

Айта кетейік, биыл күрес түрлерінен әлем чемпионаты 8-13 қыркүйек аралығында Өзбекстанның бас шаһары Ташкент қаласында өтеді. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети