25 тамыз 2016 16:10

Тимур Құлыбаев Назарбаевқа Риодағы Олимпиада кезінде қалай хабарлама жазғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kfb.kz © kfb.kz

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, Тимур Құлыбаев барлық қазақстандықтарға алғыс айтып, Олимпиада кезінде Мемлекет басшысымен осы қуанышпен қалай бөліскенін айтып берді.

"Ештеңеге қарамастан сендер жақсы нәтиже көрсеттіңдер. Алғаш екі алтын медальды жеңгендерінде мен Мемлекет басшысына біздің спортшыларымыздың осы жеңісті Қазақстан халқына және Президентке арнайтынын жазып, хабарлама жолдадым", - деді ол.

Сонымен қатар, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Дмитрий Баландиннің көрсеткен ерекше өнерін айтып өтті.

"Бір жыл ішіндегі дайындық кезінде бапкерлер маған Дмитрийдің алтын медальді алып келетінін айтқанда, шынымды айтсам, маған фантастика болып көрінді. Дмитрийдің арқасында осы фантастика өмірде жүзеге асты. Әрине, біз барлығымыз бокстан Даниярға сендік. Ол расында да көптеген жылдар бойы жақсы жекпе-жектерді өткізіп жүр және біз Даниярдың арқасында Қазақстанның бокстан мықты құрама екенін дәлелдей алдық", - деп атап өтті Құлыбаев.

"Олимпиада ойындарының алдында болған допинг дауларына байланысты ауыр атлетикадан қатыспақ болған төрт спортшымыз шеттетілді. Бұл, әрине, біріншіден біздің спортшыларымыз үшін үлкен соққы болды. Себебі, олар әлемдік рейтингте көш бастап жүрген спортшылар", - деді Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті.

"Біздің командадағы спортшыларды Ресей құрамасының спортшылары сияқты жарыстан алып тастау туралы әңгімелер болды. Бірақ федерация басшылығы мен бас бапкердің арқасында біздің команданың спортшылары Олимпиадаға қатыса алды. Мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахқа біздің спортшылардың басқа спортшылар сияқты Олимпиадаға қатысатынын жазып, хабарлама жолдадым. Және спортшылардың Олимпиада ойындарына дейін допингке тексерілгенін, ол сынамалардың Германияға жіберілгенін жаздым. Барлығы біздің спортшыларымыдың қанынан ешқандай тыйым салынған заттардың табылмағанын растады. Біз Олимпиада ойындарында лайықты жеңіске жеттік", - деп қорытындылады Тимур Құлыбаев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети