05 желтоқсан 2016 18:59

Токио Олимпиадасына дейін Қазақстанның ауыр атлетика құрамасында қаламын - Алексей Ни

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен Алексей Ни Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дейін командасына көмек көрсететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен Алексей Ни Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дейін командасына көмек көрсететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Vesti.kz басылымына берген сұхбатында Алексей Ни бұл қызметтен кету туралы шешімін қашан қабылдағанын айтты. "Мені қызметтен ешкім де қуған жоқ. Бұл менің ешқандай да эмоцияға берілмей, асықпай, ақылға салынған шешімім. Мұндай шешімді қазір қабылдап отырған жоқпын, Риодағы Олимпиада ойындарына дейін, шамамен мамыр айында ойлап жүрген болатынмын. Ойлануға уақытым болды. Сол сәтте мен өзіме бірден кетемін деп айтқан едім. Бірақ мен қорқақ адам сияқты командамды тастап кете алмаймын ғой", - деді Алексей Ни.

Оның айтуынша, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада Ойындарынан кейін белгісіз бір себептерге байланысты Федерация мүшелері, Олимпиада комитеті, мәдениет және спорт министрлігіндегілер бірнеше адвокат жалдаған болатын. ХОК-пен бірнеше келіссөздер жүргізілді. Соңғы уақытқа дейін медальдарымызды алып қала аламыз деген үміт болды.

"Қыздар медальдарынан айырылған соң, бұл мәселенің шешілмейтінін түсіндім. Ал қалған спортшылардың медальдары қашан тартып алынатынын уақыт көрсетеді. Илья Ильиннің медальдарын тартып алған соң, басшылық маған бұл қызметтен кетуге рұқсатын берді. Түсіністік білдіріп, шыдамдылық танытқандарыныз үшін барлықтарыңызға рақмет айтамын. Мен командаммен соңына дейін болғым келеді: Қазақстан әнұраны ойнап, жеңіске жеткен сәттерімізде де, жеткен жетістіктерімізді жоққа шығарған кездерде де... Еліміздегі спорт басшылығына алғыс айтамын. Олар бізге соңына дейін қолдау көрсетті: маған да, спортшыларға да", - деді Ни.

Сонымен қатар, Алексей Ни спортшылардың сынамаларына өткізілген қайта тексерулерге қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, Қазақстандағы ауыр атлетика біреуге ұнамай қалған.

Басылым тілшісі Алексей Нидің 2000 жылы да қызметінен кетіп, қайта оралғанын айтып өтті. "Әзірше, бұл шешімім нақты ма, жоқ па айта алмаймын. Ертең не болатынын айту қиын. Бірақ мен бапкерлерге және спортшыларыма көмектесетін боламын. Мен үшін ең маңыздысы осы жолы Риодағы Олимпиада Ойындарындағы жағдай қайталанбаса екен. Мен кез келген қызметте пайдамды тигізу үшін, өзімнің тәжірибемнің қолдана алуым үшін және біздің құраманың болашақта жеңістерге жетуі үшін барын саламын", - деді Алексей Ни. 

Сонымен қатар, Алексей Ни өзінің спортшыларын отбасым деп айтып өтті. "Ұлдары да, қыздары да маған балам болып келеді. 1987 жылғы ұлым бар, ал Илья - 1988 жылғы. 1992 жылғы қызым да бар, Зүлфия болса, одан бір жасқа кіші. Мен оларды өз балаларымдай көремін. Туған балаларымнан гөрі оларға көп күш жұмсадым. Сондықтан да олар маған туған баламдай болып кетті. Света Подобедова, Майя Манеза, Маша Грабовецкая, Ирина Некрасова, Алмас Өтешов - барлығы да менің балаларым. Сол үшін де мен оларды қиын жағдайда тастап кете алмаймын, әрдайым олардың қасында болуым қажет".

Еске сала кетейік, Алексей Ни ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен 25 қарашада кеткен болатын. Кейінірек оның орнына Қазақстанның ауыр атлетикадан бас бапкері қызметіне Юрий Мельников келген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети