07 сәуір 2014 15:54

Велоспорт қашаннан бері қысқы спорт еді?!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет aipsmedia.com сайтынан Сурет aipsmedia.com сайтынан

Түркияда ХІІ SportAccord (Спорттық келісім) кеңесі өз жұмысын бастап, онда қызықты мәселелер талқыланып, тосын пікірлер көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.


Түркияда ХІІ SportAccord (Спорттық келісім) кеңесі өз жұмысын бастап, онда қызықты мәселелер талқыланып, тосын пікірлер көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.

Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS) ресми сайтына сілтеме жасай отыра "Алаш айнасы" газетінің жариялауынша, SportAccord кеңесіне халықаралық спорт түрлерінің екі жарым мыңнан астам өкілдері қатысқан. Олар әр түрлі мәселелер талқылауда.

Бірінші кезекте олимпиадалық емес спорт түрлерінен Бүкіләлемдік ойындардың халықаралық қауымдастығына жаңа президент сайланады. Ең бастысы, Олимпиада ойындары бағдарламасына кірмейтін спорт түрлерінің мәртебесін көтеру қарастырылуда.

Тіпті олимпиадалық емес спорт түрлерінен Бүкіләлемдік ойындар өткізіп тұру да ұсынылуда. Бұл ретте "олимпиадалық емес спорт түрлеріне басымдылық беріліп, спортты кәсіби тұрғыда жетілдіріп, Олимпиада ойындарын маңыздылығы жағынан екінші орын түсіру керек" деушілер де бар.

Мұның бәрі әзірше сөз жүзінде айтылуда. Себебі іс жүзінде бір ғасырдан артық (120 жылдай) тарихы бар Олимпиада ойындарын екінші орынға ығыстыру мүлде оңай емес, әрине. Ал Бүкіләлемдік ойындардың халықаралық қауымдастығы президентінен үміткер Херальд Вервеке "Олимпиада ойындарын 70 жылда басып озамыз" деген үмітен де бүкпесіз жайып салыпты...

Енді бір қызықты жағдай «велоспортты қысқы Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізу керек» деген пікір төңірегінде өрбуде. 2013 жылдың күзінде Пэт Маккуэйдтің орнына Халықаралық велоспортшылар одағының (UCI) президенті болып сайланған Брайан Куксон жақында "жоғары қарқынмен дамып келе жатқан үш спорт түрін, атап айтқанда, велоспортты, дзюдоны және бадминтонды жазғы Олимпиада ойындары бағдарлмасынан қысқысына ауыстыру керек" деп ұсыныс жасаған екен.

62 жастағы британдық шенеунік мұнысын "сонда жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасын азайтып, қысқы Олимпиаданың құрамындағы спорт түрлерін көбейтеміз" деп түсіндірген.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер мұны мүлде құптамайтындығын білдірген. Анталияда Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының президенті Джан-Франко Каспер (FIS) де бұған үзілді-кесілді қарсы екендігін мәлімдеген. Ол тіпті Брайан Куксонның осы ұсынысы мен пікірін "өте күлкілі" деп отырған көрінеді.

Джан-Франко Каспер қазір FIS президенті ғана емес, Халықаралық Олимпиада комитетінің (IOC) мүшесі де болып табылады. Ол онда алты олимпиадалық спорт жарыстарына жауапты. Өз кезегінде ол былай деген:

Бізде қысқы спорттық жарыстар мен додаларды өткізуге арналған базалық жүйе бар. Онда қысқы спорт түрлері тек қар мен мұз үстіндегі жарыстар мен додалар болуы керек деп, айқын көрсетілген. Сондықтан жыл бойы үздіксіз жалғаса берсе де, басқа спорт түрлерін қысқы Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізе алмаймыз. Мен Куксон мырзаны түсінемін. Ол велоспортты екі Олимпиада ойындарының бағдарламасына да енгізіп, өз жарыстарын қыста да, жазда да өткізе бергісі келеді. Осылай екі Олимпиада ойындарынан да ақша алып отырмақ. Бұл оның өзі үшін қызықты шығар. Бірақ бізге қызық емес. Біз барлық күш-жігерімізбен және мүмкіндіктерімізбен бұған басбайлы қарсы боламыз.

Негізі, ХІІ SportAccord кеңесі алты күнге созылады. Бәлкім, әлі талай қызықты пікірлер айтылып қалар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети