07 ақпан 2014 12:17

Юлия Галышева Олимпиада ойындарының финалдық кезеңіне шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юлия Галышева. Фото ©Tengrinews.kz Юлия Галышева. Фото ©Tengrinews.kz

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының Сочидегі тілшісі Жалпы бағдарламасына 21,17 ұпай жинаған Юлия іріктеу кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді. Енді ол Олимпиада ойындарының финалдық кезеңінде өнер көрсететін болады. Осы сында еліміздің намысын қорғаған тағы бір спортшысымыз Дарья Рыбалова іріктеу кезеңінде 23-орынға ие болып, жарыстың финалдық кезеңіне шыға алмады. Дегенмен, Дарьяның қысқы ойындарының ақтық сынына шығатын тағы да бір мүмкіндігі бар. Фристайл спортынан Олимпиада ойындарының финалдық кезеңіне біздің отандасымыздан бөлек, америкалық спортшылар Ханна Кирни, Элиза Утрим, канадалық Максим Дюфур-Лапуан, Хлоя Дюфур-Лапуан, Джастин Дюфур-Лапуан , Одри Робишо француз Перрин Лаффон және ресейлік Регина Рахимовалар шықты. Екінші топта өнер көрсететін қалған фристайлшылар өз бақтарын 8 ақпан күні күні сынайтын болады. Айта кетейік, Юлия Галышева фристайлдан екі дүркін Азия чемпионы, Әлемді кубогының жүлдегері және Ванкуверде өткен Олимпиада ойындараның қатысушысы болып табылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети