19 ақпан 2014 16:23

Юлия Галышева сыйақы туралы әлі естімеген екен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретте Юлия Галышева мамасымен бірге ©Нұрғиса Елеубеков Суретте Юлия Галышева мамасымен бірге ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстандық спортшы қыз Юлия Галышева ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігінің тарапынан берілетін сыйақы туралы әлі естімеген екен. Бұл туралы спортшының өзі Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. "Мен сыйақы туралы ештеңе естімедім де оқымадым да. Оның үстіне спорт және дене шынықтыру агенттігінен маған ешкім хабарласпады", - дейді Галышева. Тілшіміздің спорттан кету туралы шешімінді өзгертпедің бе, деген сауалына ол "жоқ өзгертпедім" деп жауап қатты. "Менің мамыр айына дейін келісім шартым бар. Қазірше жаттығу жасап жүрмін.",- дейді ол. Сочи Олимпиадасының фристайл бағдарламасында өнер көрсеткен спортшы елімізге өткен аптада ұшып келген. Айта кетейік, қысқы ойындар барысында Юлия үздік алтылықтың қатарына қосыла алмады. Спортшының айтуынша, оның өнерін төрешілер әділ бағаламады. Сондықтан да ол жарыс соңында төрешілердің шешіміне шағым жазған еді, бірақ одан еш нәтиже шықпады. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның соңында ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев: "Біз Галышеваны сыйақысыз қалдырмаймыз. Біздің демеушілеріміз бар. Сондықтан да Юлияны мадақтаудың жолын табамыз", - деген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети