06 наурыз 2014 18:38

Украинада азамат соғысы болуы мүмкін бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Бүгінгі күннің шындығы – Украина халқының екіге жарылуы. Бірі мемлекетті әбден тақырға отырғызып, сыбайластыққа белшесінен батқан Янукович билігін жек көреді. Сондықтан оны елден тықсырып шыққан олар Еуропалық одаққа қосылып, қандай да бір тәртіп орнатуды қалайды. Украинаның тағы бір орысшыл бөлігі (50-жылдары Хрущевпен Киевке тарту етілген жер) Ресей қолдауынан еш ажырағысы жоқ. Өйткені олар Еуропалық одаққа қосылса, Ресейден қол үзіп қалатындарын жақсы түсінеді. Бәрінен өкініштісі, осы екіге жарылған жұрт қазір өз мүдделерін қорғау үшін бәріне баруға даяр тұр. Тіпті, азаматтық соғысқа да. Ал күш сынасар мұндай сәтті АҚШ-пен қосылған Еуропалық одақ, тағы бір жағынан Ресей қаржылай қолдап, оны өз ұпайларына пайдалануға тырысары анық...

Опппозиция үштігі - Арсений Яценюк, Виталий Кличко және Олег Тягнибок Януковичке қарсы наразы топты өз ұпайларына жақсы пайдалана білді. Екі айға созылған Еуромайдан атауына ие шеру украиндықтардың жан айқайын әлемге жеткізді. Ақыры олар Януковичті биліктен кетіріп тынды. Сондай-ақ «Солшыл сектор» да Янукович билігін қолдап, саяси белсенділіктен қалыс қалмаған. Олар осы текетіресте сүрініп кеткендері үшін Януковичті кінәлайды, оны өздерін сатып кетті деп есептейді. Бірақ соған қарамастан оны әлі президент деп таниды. Көктемде билікті жаңартқан Украина президенті міндетін атқарушы  Александр Турчиновты олар да, Ресей де мойындамайды. Бірақ оны АҚШ пен Еуропалық одақ мойындаған. Жаңадан билікке келгендерді «Солшыл сектор»  «бандер» немесе нацистер деп атайды. Өйткені Украина мәселесін шешу үшін қазір қаражат табу аса өзекті. Ал жаңа билік бұл ретте Германияға иек артады. Сондықтан олар нацистер деп саналады. Сол секілді елді дүрбелеңге салып, қанды қырғынға жол бергендері үшін де бұлар бір-бірін қатты айыптайды. Міне, осындай саяси ахуалдар мұндағы шиеленістің одан сайын күрделенбесе, шешілетін түрі жоқ екенін анық байқатады. Осы жағынан алғанда, Украина азаматтық соғыс алдында тұр деп айтуға болады. Ал бұл сүйкесуге тиек таппай тұрған алпауыттар үшін жақсы мүмкіндік болуы ықтимал. Өйткені әу, бастан АҚШ Ресейдің қытығына тию үшін осыны күйттесе керек.
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети