27 мамыр 2014 16:08

"Дімкәс" ветеринариямен "Еуразияға" барамыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Кешелі бері Астананың іргесіндегі Ақмола облысы алаңдауда. Бұған себеп -Ақмола облысын мал індеті тағы жайлады. Ерейментау ауданында малдан таралған бруцеллез енді тұрғындарға жұғуда. Қазірде бруцеллезге шалдыққан үш мыңға жуық ірі қара мен ұсақ мал дереу өртеліп жатыр. Ал аяқ-асты қорасындағы малынан айрылған жұрт сары уайымға салынуда. Әзірге ауру ошағының қайдан пайда болғаны да белгісіз. Құзырлы орган қызметкерлері «кеселдің алдын алмаған» деген күдікпен жергілікті әкімдікті тексеруді бастады. Эпидимия ушығып кетпес үшін ветеринарлар үй-үйді аралап жаппай екпе салуда. Осылайша індет бүтін бір ауылды әлекке салып, қаншама жұртты малынан айыруда.

Жалпы, мұндай жайт бізде жылда қайталанатын дүние. Аусыл, сібір жарасы, сарып дейсіз бе, мұндай мал аурулары бізде жыл сайын орын алады. Жыл сайын біз ауру малды өртеп, көміп, карантиндік режим енгізіп әлек боламыз да жатамыз. Мамандар бұған қатысты «малды емдеуі тиіс ветеринария саласының өзі дімкәс, мұнымен бәсекеге шыдас бере алмаймыз» деп отыр. Алаш айнасы осы тұста қазақ ветеринариясының кем-кетігін түгендеп көруді жөн көрді.

Карантиндік режим көмекке келе ме?

Алдымен біз ауру малдың көзін қалай жоямыз? Осыдан басталық. Біз әуелі малы ауырған ауылға карантиндік режим енгіземіз. Ал енді бұл карантиндік режим көмекке келе ме? Карантин енгізу арқылы аурудың таралуын ауыздықтай аламыз ба?

Мамандардың сөзіне қарағанда мәселені шешудің төте жолы бұл емес. Карантин енгізуден гөрі нақ қазір бізге буферлік аймақ мәселесін, ауру малдың көзін сауатты жоя білу жайын шешуге басымдық берген жөн. Сарапшылардың байыптауынша, әрбір елдімекенде буферлік орталықтар болып, індетке ілігу қауіпі бар мал басы буферлік аймақтарға оқшауланғанда бүгінде нақ бұлай бас қатырып отырмас та едік. Өкінішке қарай, бізде бұл мәселе әлі де шешімін таппай келеді.

Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:

- Бізге карантиндік режимге көшкеннен гөрі буферлік аймақ жайын ойластырған жөн. Бұл карантин жариялап өзге аймақпен қатынаспай, мал еті экспортына шектеу қойып есікті тарс жауып отырғаннан әлдеқайда тиімді. Білікті мамандардан жасақталған, мал ауруының жай-жапсарын анық білетін ветеринарлары бар буферлік орындар бізге қажет. Нақ қазір буферлік аймақтарға лайық елді мекеннің карталары да жасақталмай отыр. Мәселен, біз уақыт оздырмай қай облыста қандай ауданында буферлік аймақ жасақтау керек. Қай елді мекен ауру малды оқшаулап апарып өртеуге болмаса көмуге лайық. Осының барлығын картаға сызып көрсеткенімізде шаруа әлдеқайда жеңіл шешілер еді. Өкініштісі бізде әрбір елді мекенде өлген малды көметін, оны өртейтін орындарды салу жұмысы оң шешімін таппай отыр. Қазіргі күндері еліміздің әрбір төртінші елді мекенінде қандай да бір қатерлі індеттен өлген малдарды көметін орындар жоқ. Тіпті ауру малды оқшаулап апарып өртеу жайы да сауатты шешіліп жатқан жоқ. Осындай сауатсыз істелінген іс сау малдарға залалын тигізіп, елде эпизоотикалық жағдайдың ушығуына жол беріп отыр. Міне, осы мәселелерді шешіп алмай карантиндік режим жариялағаннан еш пайда жоқ.

Осылайша маманның пайымдауынша, бізде ауру малды өртеу де, оны көму де сауатты жүргізіліп отырған жоқ. Мұндай сауатсыз жүргізілген іс соңында аурудың малдан адамға жұғуына да апарып соқтыруда. Ал өзге өркениетті елдерде мұндай буферлік аймақтар әрбір елді мекенде кем дегенде төртеуден көрінеді. Міне, осыған байланысты мамандар заңды қайта қарау қажеттігін алға тартады.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети