16 қазан 2014 14:42

Головкин мен "Астана" арасында дау туды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен "Астана" арасында дау туды Головкин мен "Астана" арасында дау туды

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің «Астана» президенттік спорт клубына кірмейтіні мәлім болды. Клуб өкілдері «демеушілік қаржы қарастырылып қойған» деп мәлімдеді. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.


Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің «Астана» президенттік спорт клубына кірмейтіні мәлім болды. Клуб өкілдері «демеушілік қаржы қарастырылып қойған» деп мәлімдеді. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің менеджері жасаған спортшының «Астана» президенттік спорт клубына кірмейтіні туралы мәлімдемесі дау туғызды. «Астана» клубының өкілі қазанның 15-і күні Азаттыққа «Головкинге үш миллион доллар бермекші болғанбыз, ал жарты миллион доллар былтыр аударғанбыз» деп хабарлады.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландыратын «Астана» президенттік спорт клубы 2013 жылы белгілі қазақстандық спортшылар Илья Ильин, Денис Тен және Геннадий Головкинге клуб мүшелері ретінде қаржы бөлетінін мәлімдеген. Бірнеше спорт түрінен командалық және жеке жобалардың басын қосатын бұл клубты көпшілік «Астана» велокомандасы арқылы жақсы таниды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети