2024 жылдың қаңтарынан бастап қазақстандық жүргізушілер газбен жүретін көлігіне арнайы белгі қоюға міндеттелді. Tengri Auto стандартқа сай келмейтін сәйкестендіру жапсырмасы үшін жүргізушілерге айыппұл салына ма, анықтап көрді.
2024 жылдың қаңтарынан бастап қазақстандық жүргізушілер газбен жүретін көлігіне арнайы белгі қоюға міндеттелді. Tengri Auto стандартқа сай келмейтін сәйкестендіру жапсырмасы үшін жүргізушілерге айыппұл салына ма, анықтап көрді.
ІІМ ресми сауалға берген жауабында, Қазақстанда қозғалтқыштары сығымдалған газ немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін газ баллон жабдығымен жабдықталған автокөліктерді өзге мақсаттағы кіріктірілген және жапсарлас ғимараттарға, сондай-ақ жерасты көлік тұрақтары және жабық үлгідегі кез келген үй-жайларға кіргізуге жол берілмейтіні айтылған.
Бұл талаптар орындалуы үшін көлікте ГБЖ (газ баллон жабдығы) бар-жоғын визуалды түрде анықтау қажет. Қазіргі уақытта көлік қандай жанармаймен жүретінін оған қарап анықтау мүмкін емес. Сондықтан "ГАЗ" белгісі жасалды.
"2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Газ жабдығы бар автомобиль" белгісі іс жүзінде ұлттық стандартқа енгізілді, бұл ретте оның параметрлеріне қойылатын талаптар Жол қозғалысы ережелерімен реттелуі тиіс. Қазіргі уақытта тиісті түзетуді қамтитын бұйрық жобасы Әділет министрлігінде қаралып жатр", - деп толықтырды ведомство.
Атап айтқанда, ІІМ мәліметінше, бұйрық жобасына сәйкес: "Газ жабдығы бар автокөлік" белгісі леп белгісі мен қара түсті "ГАЗ" деген жазу. Ұшбырыштың бұрышы жоғары қарайды, сары түсті және қара жиегі бар (үшбұрыштың бүйірі жүз елу миллиметрден кем емес, шекараның ені – бүйірінің 1/10 бөлігі). Газ баллонды жабдығы бар автокөлік құралдарының артына жабыстыралды.
ҚазСтандарт баспасөз қызметінен
Кейбір жауапты жүргізушілер ереже енгізілмей тұрып-ақ өз көліктеріне ГБЖ орнатылғанын ескертетін белгі қойған. Бірақ олардың белгілері әртүрлі, өйткені ол кезде белгілер стандарты әлі бекітілмеген. Мұндай жүргізушілерге "дұрыс емес" белгі үшін айыппұл салына ма, жоқ па?
Мысалы, жапсырма мынадай болуы мүмкін:
newauto.kz
Немесе мынадай:
azh.kz
"Бұл норма әлі қабылданбағанын ескере отырып, бұл мәселе бойынша құқық қолдану тәжірибесі жоқ, ал стандартқа сәйкес келмейтін жапсырмалар үшін қазақстандықтарға айыппұл салынбайды", - деп сендірді ведомство.