Проблемалық несиелер бойынша әлемде біріншіміз Қаржы нарығының несиелеу жүйесінде «өткен жылы бірқатар өзгерістер орын алды» деп хабарлаған болатын күні кеше Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.
Өлім жазасы қайта енгізілуі керек пе? Естеріңізге салсақ, 2003 жылы 17 желтоқсанда ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий жариялау туралы» Жарлығы шыққан болатын.
Астана керек қылмаған жобаны Мәскеу қағып әкетті Алматылық әлеуметтанушы Рүстем Жүсіпов кадрларды іріктеудегі жаңа әдістемесін соңғы жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің бір өзіне төрт мәрте жолдаған екен.
Қызылорданың «Ақмаржаны» тұрғанда Қытай мен Вьетнам күрішіне неге құмармыз? Сырт көз Сыр жұрттын күрішшілер елі деп атайды. Бұлай болатын жөні бар. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап дария бойында күріш егіліп келеді. Содан бері елдегі еңбеккерлер талай дүниені көзі көрді.
ДСҰ қазаққа не береді? ДСҰ-ға кіруге ынтығып-ақ жүрміз. Сарапшылардың айтуынша, олда бірер жылдың шаруасы көрінеді. Сонда сонша ынтықтырған ДСҰ қазаққа не береді?
Кемшілікті жасыратын еңбек инспекторы кімге керек?! Еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы өндіріс орындарындағы қайғылы оқиғағалардың орын алып жатуына себеп болып жататыны жасырын емес. Әсіресе, мұндай жағдайлар құрылыс саласында көп ұшырасады.
Қазақстандағы жезөкшелік жаһандық желіні де жаулай бастады Қазақ бұрын қалай еді? Отбасындағы баласын тәрбиелі етіп өсірді. Әрбір шаңырақ өзіне ұят келмеуін қадағалайтын. Ұлы мен қызына әдептен аспауды шегелеп айтатын. Ислам дінінде де адам баласының жат қылықтарға бой алдырмауы қатаң ескеріледі.
Шешендік сөздер БАЙДАЛЫ МЕН ХАНЫМ Абылай өлерінде Байдалы биді шақырып алып: «Жылым толған соң, маған ас береді, сол асты сен басқар»,— деп тапсырыпты. Ал Байдалы кедей болғандықтан Абылайдың асына мініп баруға 17 мың жылқы біткен Алда менен Жұманнан ат сұратып жіберсе, олар бермепті.
Көкек-инвестордан тастанды зауыт туады Бұрын көкек-ана дейтін баласынан безінгенді. Қазір көкек-инвестор көбейіп тұр. Зауыт-фабрикасынан, жобасынан жеріген. Жеріп қана қоймайды пақырлар. Тырапайлап, тұра қашады.
Бір арыс өтті өмірден... Тау-тау жоспарлары мен қуат-күшін арқалап Нұртас Қазыбаев бақиға кете барды. Жанына жақын жандар мейірім мен адалдық тұнған жүректен біржола айырылғандары үшін қайғыдан қан жұтты.
Тоқал алу тойына қош келдіңіз! Қазақстанда қазір тоқал «темасы» қызып тұр. Турасын айтқанда «тоқал» десе жымыңдамайтын жігіт, елең етпейтін еркек қалмай барады. «Үйіңде екі әйелің болса ойран болар, екі сиырың болса айран болар». «Екі әйел алғанның дауы үйінде, жаман әйел алғанның жауы үйінде». Паһ-паһ шіркін! Айтады екен иә. Бұл дәу де болса тоқал алуға шамасы жетпегендердің шығарып алған әңгімесі-ау.
Моңғолиядағы қазақтардың ұлттығына қауіп төне бастады Моңғолияның батыс шекарасындағы Өлгей қаласы – сол елдегі қазақтың рухани орталығы. Бұл қасиетті мекен халқы аз, аумағы өте үлкен Моңғол еліне қарасты 21 аймақтың бірі. Баян-Өлгей аймағына 13 сумын, 86 бақ қарайды. Халқының саны 97 мыңнан асып жығылады. Сол 97 мыңның 90 пайызы өзіміздің қаракөздер. Шындығын айту керек, бүгінгі күнге дейін бұл мемлекеттегі қазақтарға моңғол ұлты жат көзқараспен қараған емес. Тек соңғы жылдары ғана жылы көңіл суына бастағандай. Неге? Оған осы елді аралап қайтқан «Алаш айнасының» тілшісі жауап іздейді.
Хан Кененің бассүйегін қайтара аламыз ба? Бұған дейін қазақтың соңғы ханы Кенесарының бассүйегін Ресейден қайтарып алу мәселесі талай көтерілген болатын. Енді «Кенесары ханды қайтарамыз!» қозғалысының белсенділері Ресей Федерациясының президенті Владимр Путинге ресми түрде петиция жолдамақ. Қазақстан азаматтарының бұл қадамы көздеген үдеден шыға ала ма? Бүгінде осы мәселе жөнінде бірқатар зиялылар ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық пікір туғызып, өз ойларын ортаға салуда.
Жарнама көрейін десем кино «бөгет» жасап жүр Бұрын «үйімізде, төрімізде портретте тұрған кім?» дегенге «ол – Ленин бабамыз» десек, қазір үй де емес, ауыл да емес, бүкіл әлемнің төрінен ойып тұрып орын алған жарнама десек, жаңылыспасбыз. Жарнама десе, Жанатбек есіме түседі, себебі ол бірде: «енді бір рахаттана жарнама көріп келе жатсам, жылт-жылт етіп кино шыға келеді» деген еді.
Қызылжар үшін қызылкеңірдек болуға әр қазақтың қақысы бар! Қазақ бола тұра Кеңес заманында туылып, Света, Ирина, Марина атын ғұмырының соңына дейін алып жүруге мәжбүр қазақтарды түсінуге болатын шығар. Алайда бір заманда Патшаның әмірі, қала берді «қызылдардың екпінімен» жазықсыздан жазықсыз орысша атанып кете барған қазақ жерлері ше?
Доллар қымбаттай ма, жоқ па? Бірнеше жылдан бері тұғырынан таймай тұрғанАҚШ доллары өткен жылдың мамыражай жазында бағаны бір аунатты. Сөйтіп, біздің ұлттық валютаға шаққандағы құны біршама көтеріліп, 149,42-ден 153 теңгеге бір секірді. Алайда сол жолы Ұлттық Банк басшылығы байсалдылық танытып, байбалам салғандарға басу айтумен ғана шектелді.
«Бригада» бүлдіріп барады Бүгінгінің бұзықтары көшеде төбелескенді қойып, интернетте «ерегісетінді» шығарыпты. Жуырда ғана өрімдей бозбаланың өліміне әкеп соқтырған сорақылықтың басы да дәл ғаламтордан бастау алған-ды. Ғаламтордың «ғажайыбынан» тәлім алған жас жігіттер әуелі сол желіде есеп айырыспақ болыпты.
Мигранттар да салық төлейді, декларация тапсырады, бірақ бұл қаншалықты тиімді? Енді елімізге үй шаруасында жұмыс істеуге келетін мигранттар табыс декларациясын тапсырады, қазынаға салық төлейді. Ел үкіметі осылайша мигранттарды қатаң бақылауға алмақ. Еліміздің «Еңбек-көші қон» Заңына енгізілген өзгертулер мен түзетулер осыған үндеп отыр.
Қызтекелер неге көбейіп барады? Ауыр болса да айтарымыз, қазіргі таңда жұмыр басты пенде адами қасиеттен ада болып барады. Басқасын былай қоялық, Жаратушы иеміздің жасаған болмысына қарсы тұрғысы келетін адамдар баршылық.

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети