15 желтоқсан 2014 18:53

18 жыл бұрын өлім жазасына кесілген жігіт кінәсіз болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазықсыз жазаға кесілген жігіт пен оның туыстары. ©South China Morning Post Жазықсыз жазаға кесілген жігіт пен оның туыстары. ©South China Morning Post

Қытай соты 1996 жылы дарға асылған 18 жастағы жігіттің ісін қайта қарап, қазір кінәсіз екенін анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru South China Morning Post басылымына сілтеме жасап. Сот жазықсыз айыпталған жігіттің ата-анасынан кешірім сұрады.


Қытай соты 1996 жылы дарға асылған 18 жастағы жігіттің ісін қайта қарап, қазір кінәсіз екенін анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru South China Morning Post басылымына сілтеме жасап. Сот жазықсыз айыпталған жігіттің ата-анасынан кешірім сұрады.

Дарға асылған Хуугджи (Huugjilt) есімді жігітке әйел адамды зорлап, өлтірді деген айып тағылған. Бірақ Ішкі Моңғолияның Жоғарғы соты 18 жыл өткенде жігіттің кінәсіз екенін мәлімдеген.

Жаңа үкім дарға асылған жігіттің досы арыз жазғаннан кейін шықты, оқиға болған кезде Хуугджидің жанында болған Ян Фэн (Yan Feng) Хух-Хото (Hohhot) қаласындағы көпшілік дәретханадан досы екеуі әйелдердің шулаған дауысын естігендерін айтқан. Ян Фэн ол жерден кетіп қалуды ұсынған, бірақ Хуугджи әйелге көмектеспек болып, полицияға да оқиғаны өзі хабарлаған. 

Әйелді зорлап, өлтірген нағыз қылмыскер Чжао Чжихун 2005 жылы полицияға кінәсін мойындаған, бірақ қылмыстық іс қазір ғана қайта қаралды. Жазықсыз дарға асылған жігіттің туыстары жалдаған қорғаушының айтуынша, ол үкіметтен өтемақы талап еткен. Сот жігіттің отбасына 30 мың юань (5 мың доллар) төлеуге шешім шығарды.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та соттың қате қаулысының кесірінен бір адамның түрмеде 15 жыл бойы отырғаны хабарланған еді. Енді ресми билік оған 3 миллион доллар көлеміндегі өтемақы төлемекші.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети