11 қазан 2014 13:45

Ким Чен Ын 2015 жылға дейін емделуге демалыс алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ким Чен Ын (шілде 2014 жыл). © Central News Agency Ким Чен Ын (шілде 2014 жыл). © Central News Agency

Корей Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын 2015 жылға дейін емделуге демалыс алды - денсаулығын қалпына келтіру үшін оған 100 күн керек, - деп жазады Mirror


Корей Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын 2015 жылға дейін емделуге демалыс алды - денсаулығын қалпына келтіру үшін оған 100 күн керек, - деп жазады Mirror

КХДР басшылығы маңайындағылардың айтуына қарағанда, Ким Чен Ын әскери жаттығу кезінде жарақат алған. "Ол барлық генералдарға оқу-жаттығуға қатысуды бұйырып, олармен бірге әскери тапсырмаларды орындады. Олар еңбектеді, жүгірді, секірді. Осы кезде көшбасшының сіңірі зақымданды", - деп түсіндірді дереккөзі. Ол КХДР басшысы мемлекеттік істерді толық бақылауды ұстайтынын жеткізді.

Ким Чен Ын халық алдына бір айдан бері шықпағандықтан, ол туралы түрлі қауесет тарап кеткен. Кейбір БАҚ құралдарында КХДР басшысын оның кіші қарындасы Ким Е Чжон тақтан құлатты, тіпті Ким Чен Ын қаза болды деген ақпараттар жарияланған. 10 қазанда Ким Чен Ын Корей Еңбек партиясының 69 жылдығына қатыса алмаған, осыдан кейін ол туралы түрлі қауесет тараған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети