10 наурыз 2014 17:48

Ким Чен Ын парламент депутаты болып бірауыздан сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ким Чен Ын. ©РИА Новости Ким Чен Ын. ©РИА Новости

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын парламент депутаты атанды деп хабарлайды "РБК". Ким Чен Ын 100% дауысқа ие болған. Сайлау кеше өтіп, бүгін қорытындысы жария етілді. Жергілікті мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ким династиясы мен күллі корей халқы үшін қасиетті саналатын Пэктусан тауында халықтың сайлауға қатысуы 100%-ды құраған. Сайлаушылардың бәрі бірауыздан Ким Чен Ынға дауыс берген. "Бұл әскери қызметшілер мен халықтың толық қолдауының және олардың жоғарғы көшбасшы Ким Чен Ынға деген терең сенімінің көрінісі", - деп хабарлады КХДР Орталық телеграф агенттігі. Сайлау бюллетеньдерінде әр округтен бір ғана үміткер болғанын айта кету керек. Солтүстік Кореяда парламент сайлауы бұған дейін 2009 жылы өтті. Ол кезде, ресми мәлімет бойынша, сайлауға тұрғындардың 99,98%-ы қатысқан, парламентке 687 депутат сайланған болатын. Шамамен 31 жаста делінетін Ким Чен Ын 2011 жылдың желтоқсанында әкесі Ким Чен Ир қайтыс болғаннан кейін билік тізгінін қолына алған еді. Ким Чен Ирдің үшінші ұлын солтүстіккореялықтар "Ұлы мұрагер" деп атайды. Ол ересек көріну үшін өзінің нақты туған күнін жасырады-мыс.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети