21 сәуір 2014 22:03

Оңтүстіккореялық паром құрбандарының қатары 87-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Корея жағалауында "Севол" паромының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың қатары 87 адамға жетті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" америкалық және оңтүстіккореялық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.


Оңтүстік Корея жағалауында "Севол" паромының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың қатары 87 адамға жетті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" америкалық және оңтүстіккореялық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Апат құрбандары қатарының көбеюімен бірге, 215 адамның із-түссіз кеткені белгілі болды. Оңтүстіккореялық ақпарат құралдарының мәліметінше, суға батып кеткен кемеден екі шетелдіктің мәйіті шығарылған. Олардың бірі Ресей азаматы болуы мүмкін деп топшыланып отыр. 

"Тірі қалғандар болуы керек, біз ештеңеге қарамастан, кемеден ауасы бар қалтарыстарды табуға тырысамыз. Сол себепті менде үміт бар", - дейді ерікті сүңгуірлер тобының жетекшісі. 

Еске сала кетейік, "Севол" паромы Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында 16 сәуір күні апатқа ұшыраған еді. Апат кезінде су көлігінде 476 адам болған. Құтқарушылар 174 адамды аман алып қалды. Сол кезде 300-ден астам адамның іздестіріліп жатқаны хабарланды. Жолаушылардың дені курортты қалаға келе жатқан мектеп оқушылары болған. Апаттан кейін кеме капитаны Ли Чжун Сок пен экипаждың алты мүшесі тұтқындалды. Капитан кемені басқаруды көмекшісіне бергені және су көлігін жолаушылардан бұрын тастап қашқаны үшін айыпталып отыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети