27 сәуір 2014 17:49

Солтүстік Корея Обаманың сынына жауап қайтарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Корея Барак Обаманың сынына тіл тигізе жауап қайтарды, - деп хабарлайды РИА Новости The Guardian басылымына сілтеме жасап.


Солтүстік Корея Барак Обаманың сынына тіл тигізе жауап қайтарды, - деп хабарлайды РИА Новости The Guardian басылымына сілтеме жасап.

КХДР басылымдары Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хені "жұрттың көңілін көтеруші әйел", ал Обаманы "оның қожайыны" деп атады. Өзінің Оңтүстік Кореяға екі күндік сапары барысында АҚШ президенті КХДР-ды "аластатылған мемлекет" (немесе "шіріген жұмыртқа" - авт.) деп атап, егер бұл ел кезекті ядролық сынақты жүргізетін болса, әлемнен одан әрі оқшаулана беретінін айтқан еді. Сонымен бірге, Оңтүстік Корея мен АҚШ басшылары халықаралық құқықты бұзғаны үшін Пхеньянға қарсы санкциялардың күшейтілетінін мәлімдеді.

КХДР Сеул мен Вашингтонның бұл мәлімдемесін "төзуге болмайтын сын" деп бағалады. "Егер Обама мен Пак Кын Хе қауіп төндіру мен шантаж біздің ақылымызды өзгертеді деп топшыласа, олардың ақымақ болғаны", - деп мәлімдеді Кореяның бейбіт жолмен бірігуі жөніндегі комитеттің солтүстіккореялық бөлімшесінің өкілдері.

Ал Пхеньяндағы Корея орталық телеграф агенттігінің өкілдері "Обаманың бұл жолғы сапары сөзге емес, іске сенуге болатынын көрсетіп, біздің алған беттен таймауға дайындығымызды күшейтті", - деп хабарлады. Солтүстіккореялық басылымдар Обаманың оқушылар мінген "Севол" паромының апатына немқұрайды қарағанын жазды. "Егер Обама моральдан жұрдай болмаса, сапарын кейінге қалдырар еді", - дейді орталық телеграф агенттігі.

Пхеньян басылымдары Оңтүстік Корея басшысын да "оңдырмады". "Ол өзінің жағымпаз, сатқын, жұрттың көңілін көтеруші әйел ретіндегі шын бет-жүзін көрсетті, ол елін сатып жіберуге даяр", - деп хабарлады телеграф агенттігі. Елдің ресми ақпарат құралдары Солтүстік Кореяның "толық ауқымды ядролық соғысқа" дайын екенін де мәлімдеді.

 

 


 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети