17 қыркүйек 2015 11:48

"Алтын Орда" базарының маңындағы жол алты жолақты болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын Орда" базарының маңындағы жол. © yvision.kz "Алтын Орда" базарының маңындағы жол. © yvision.kz

"Алтын Орда" базарының маңындағы жол таяуда алты жолақты болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Алтын Орда" базарының маңындағы жол таяуда алты жолақты болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық компания өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта жоба жасалып жатыр, жобада Алматы - Бішкек автомобиль жолының аймағындағы Абай ауылы мен "Алтын Орда" базарының арасындағы жолды кеңейту қарастырылған. "Алматы шетінен үлкен Алматы айналма автомобиль жолын алты жолақты етуге арналған учаскелік құрылыстың жобалық-сметалық құжатын жасау жоспарланып отыр. Жалпы қашықтық 13 шақырым болады", - делінген хабарламада. 

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының Алматы филиалының сапа бақылауы бөлімінің бас маманы Рысбек Жұмаділовтың айтуынша, жобалық-сметалық құжатты жасауға кем дегенде 6 ай қажет. "Әзірше біз жобаны жасау үшін Астанаға сауал жолдадық. Мақұлданса ЖСҚ жасаймыз. Тәжірибе бойынша бұған шамамен бір жыл қажет етіледі. Бұл учаскені алты жолақты етуге шамамен 30 ай қажет болады", - деді ол.

"ҚазАвтоЖол" маманы бұл жобаға қанша қаражаттың жұмсалатынын жобалық-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде анықталатынын айтты. "Біздің тәжірибеде бір шақырым учаскеге 400-ден 600 миллион теңгеге дейін қаражат жұмсалады", - деді Рысбек Жұмаділов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети