20 ақпан 2014 11:30

Есімов Алматыдағы жеке көліктерді газды отынға көшіруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Газ құю бекеті. ©Ярослав Радловский Газ құю бекеті. ©Ярослав Радловский

Алматыдағы жеке көліктерді газды отынға ауыстыруымыз керек, бұл арзан және экологияны жақсартуға септігін тигізеді. Бұл туралы Алматы халқына есеп беру кезінде қала әкімі Ахметжан Есімов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Биыл "ҚазТрансГаз" АҚ бірлесе отырып, газ құю бекеттерін дамытуды қамтамасыз ету жобасын жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа жеке жүргізушілер арасында газға көшу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуіміз керек. Газды отынның құны жанар майға қарағанда 40 пайызға арзан. Қаланың экологиясы да анағұрлым жақсаратын болады", - деді Есімов. Қала әкімі 2014 жылы Алматыда коммуналдық автопарктерге 200 автобус, жекеменшік компанияларға газбен жүретін 100 автобус, 200 эко такси сатып алатынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл секторды толықтай мемлекеттік ету жоспарланып отырған жоқ. "Жеке тасымалдаушыларға мынаны баса айтқым келеді, бұл кәсіп өте тиімді, оны өздеріңіз жақсы білесіздер, сондықтан бұл жобаға белсенді қатысуға шақырамын. Жүргізушілерге жақсы жағдай жасап, халыққа сапалы қызмет көрсетулеріңіз керек. Қазірдің өзінде екі жеке операторға 100 жаңа автобус сатып алып беруді ұйғардық. Бұған қатысты қажетті қаржы бар", - деді Есімов халыққа есеп беру кездесуінде. Қала әкімінің айтуынша, осы жылы қалаға кіретін бірінші автовокзалдың және үшінші муниципальды парктің құрылысы басталады. Сонымен бірге Есімов билетті берудің электронды жүйесін дамыту аса қажетті екенін жеткізді. 2014 жылы қалада жолайрықтардың жалпы саны 30-ға жететін болады. Райымбек пен Әуезов көшесінің қиылысында және Қалқаман, Саин, Рысқұлов көшелерінің бойында екі жаңа жолайрықтың құрылысы жүргізіліп отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети