20 маусым 2014 12:28

Кеден одағында бұдырлы доңғалақтарға шектеу енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аutocentre.ua ©Аutocentre.ua

Кеден одағы аумағында автокөлік доңғалақтарын қолдануға қатысты жаңа талаптар енгізілгелі жатыр, атап айтқанда бұдырлы шиналарды қолдануға шектеу қойылуы мүмкін. Бұл талап Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің күшіне енуіне байланысты енгізілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кеден одағы аумағында автокөлік доңғалақтарын қолдануға қатысты жаңа талаптар енгізілгелі жатыр, атап айтқанда бұдырлы шиналарды қолдануға шектеу қойылуы мүмкін. Бұл талап Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің күшіне енуіне байланысты енгізілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техрегламент 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Ол Кеден одағының барлық үш еліне ортақ. Негізгі талаптар қауіпсіздікке қатысты", - деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Доғалов. 

Техрегламенттің доңғалақ жабынына шектеу қоятын тармағы бар. "Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес, жаз мезгілінде сырғанауға қарсы бұдыры бар шиналармен жабдықталған автокөлік құралдарын қолдануға тыйым салынады. Жаз мезгілінде, яғни маусым, шілде, тамыз айларында", - деп түсіндірді "Қазақстан стандартизация және сертификация институты" РМК жобаларды жетелеу бөлімінің бастығы Мирғали Омаров. Дегенмен Қазақстанның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде мұндай шиналарды қолдануға шектеуді қарастыратын нормалардың жоқ екенін айта кету керек.

Омаров 2016 жылдың 1 маусымынан бастап, доңғалақ бұдырларының санына қатысты шектеу күшіне енетінін айтты. "Доңғалақтар сырғанауды тежейтін бұдырлар орнатуға арналған болуы керек. Өндіруші доңғалақтың аталған түріне ұзындығы мен диаметрі бойынша қолдануға болатын бұдырларды ұсынуы тиіс. Доңғалақтың ұзына бойғы бір метр жүрісі үшін 60 бұдырдың болуына рұқсат етіледі. Бұл талап 2016 жылдың 1 қаңтарынан кейін өндірілген доңғалақтарға қатысты", - дейді Омаров.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети