09 қазан 2014 18:27

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы француз жазушысына берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Патрик Модиано. ©lesechos.fr Патрик Модиано. ©lesechos.fr

Әдебиет саласындағы 2014 жылғы Нобель сыйлығы француз жазушысы Патрик Модианоға берілді, - деп хабарлайды РИА Новости Швед академиясының сыйлықтарды беруге жауапты тұрақты хатшы Петер Энглундке сілтеме жасап.


Әдебиет саласындағы 2014 жылғы Нобель сыйлығы француз жазушысы Патрик Модианоға берілді, - деп хабарлайды РИА Новости Швед академиясының сыйлықтарды беруге жауапты тұрақты хатшы Петер Энглундке сілтеме жасап.

Нобель сыйлығы "адамның жұмбақ тағдырларын және басқыншылық кезіндегі адамның өмірлік әлемін ашып берген есте сақтау өнері үшін" табыс етілді. Айта кетейік, француз жазушысының барлық шығармасы - автобиографиялық туындылар және қай тұрғыдан да Францияның Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі басқыншылық тақырыбымен байланысты.

Патрик Модиано 1945 жылы Парижде дүниеге келген. Оның орыс тіліне аударылған еңбектерінің ішінде, - "Утраченный мир", "Дора Брюдер", "Кафе утраченной молодости", "Горизонт" және "Маленькое чудо" туындылары бар. 

Марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 10 қазанда, Нобель сыйлығының негізін қалаушы ғалымның қайтыс болған күні Стокгольмде өтеді. Швед академиясын 1786 жылы король Густав ІІІ француз үлгісінде швед тілі мен әдебиетін дамыту мақсатында ашқан. Комиссия құрамында 18 мүше бар, олар академияның тұрақты өкілдерінің дауыс беруі бойынша сайланады. Еске сала кетейік, бір жыл бұрын әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы канадалық жазушы Элис Манроға берілді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети