07 қаңтар 2015 | 13:59

"Әдебиет порталындағы" әдепсіз әңгіме көптің наразылығын туғызды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©gazeta.ru ©gazeta.ru

"Әдебиет порталында" жарияланған былапыт сөзге толы әңгіме әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. "Этнограф Қазақ" деген автордың атынан жарияланған "Колхоз жиналысы" деп аталатын шығарма жазушы Ақселеу Сейдімбек құрастырған "Бейпіл сөздер: Қазақтың эротикалық фольклоры" кітабынан алынған деп көрсетіліпті.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Әдебиет порталында" жарияланған былапыт сөзге толы әңгіме әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. "Этнограф Қазақ" деген автордың атынан жарияланған "Колхоз жиналысы" деп аталатын шығарма жазушы Ақселеу Сейдімбек құрастырған "Бейпіл сөздер: Қазақтың эротикалық фольклоры" кітабынан алынған деп көрсетіліпті.

Шығарманың басында анайы, әдепсіз сөздері бар екі мақал келтіріледі. Бұдан кейінгі мәтін тұрпайы боқтық сөзден көрінбейді. 

Әлеуметтік желі қолданушылары мұндай бейәдеп шығарманың қазақ әдебиеті туындыларын кеңінен насихаттайтын интернет-ресурста жариялануы мүлдем орынсыз деп есептейді. "Мына сұмдыққа не дейсіңдер? Біз сөгетін Батыс елдерінде мұндай кітап жарыққа шықпайды. Шыққан жағдайда авторы айыпталып, сотталады. Ал біздің моралдық тұрғыдан қатты азғындағанымыз соншалық, оған жол беріп, кітапты жарыққа шығарып, авторына Мемлекеттік сыйлық бергенбіз. Енді порталда жарияланған. "Әдебиет - ардың ісі" болудан қалды ма? Оқуға да ұят! Портал админі мынаны құртыңыздар!" - деп жазды журналист Қуандық Шамахайұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында

"Әдебиет деген - әдеп ілімі деген сөз. Боғауыздардан шыққан былапыт сөздің әдепке, әдеп іліміне еш қатысы жоқ, оларға "боғауыздар клубын" ашып алып, "былапыт" жанрларын лицензиялатып алғандары жөн. Әдеп пен әдебиетке оларды жақындатуға болмайды!" - дейді тағы бір қолданушы Әбдікәрім Әбдімомынов. 

Айта кетейік, "Әдебиет порталын" балалар мен жасөспірімдер де қолданады. Мұнда олар үшін "Балалар әдебиеті" тарауы дайындалған. Порталды шығарушылар боғауыз сөзге толы анайы әңгімеге 18 жасқа толмағандардың оқуына тыйым салатын белгі орналастырмаған. Қолданушылар осыны да алға тартып отыр. Порталдағы мәліметке қарағанда, бұл - "Қазконтент" акционерлік қоғамының жобасы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer