02 шілде 2015 14:08

Елбасының көмекшісі Назарбаев жайлы кітап жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com © twitter.com

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық белсендігі туралы "Бітімгер" атты кітап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кітаптың авторы - танымал қазақстандық дипломат, ҚР Президентінің көмекшісі Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық белсендігі туралы "Бітімгер" атты кітап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кітаптың авторы - танымал қазақстандық дипломат, ҚР Президентінің көмекшісі Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кітап Нұрсұлтан Назарбаевтың украиналық дағдарысты тек бейбіт жолмен реттеу жолдарының ізденісіне бағытталған белсенді қызметіне арналып, Майданнан Минскідегі "Норманд төрттігі" елдері басшыларының ақпандық кездесуіне дейінгі оқиғалары туралы баяндайды.

"Осындай жауапты миссия тек нағыз еуразияшыл, қарсы тұрушылықтың емес, бәсекелестіктің жақтаушысы, әлемдік деңгейдегі дәйекті және сарабдал саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың ғана қолынан келеді", - делінген кітаптың алғысөзінде.

Кітапта көптеген сұраққа жауап табылады. Кедендік Одақ елдері басшыларының, Украинаның және ЕО басшылығының 2014 жылғы 26 тамыздағы Минскідегі кездесуіне не және кім түрткі болды? "Норманд төрттігі" елдері басшыларының кездесуі неліктен 2015 жылы 15 қаңтарда Астанада өткізіледі деп жоспарланып, ақыры 11-12 ақпанда Минскіде өтті? Осы үдерістердің барлығында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі қандай? Елбасының бүгінгі ойлары қандай? Ол қай бастамаларды алға шығарады? Ол дүниежүзі қауымдастығының дамуын қалай елестейді?

Кітап оқырман назарына адами қателіктерден зардап пен құрбандыққа қаншалықты оңай шалдығатыны және содан кейін бейбітшілік пен даму жолына қайта түсудің қаншалықты қиын болатыны туралы ой тастайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети