27 маусым 2014 20:18

Ең үздік журналистер марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Срайыл Смайыл мен Лев Тараков Срайыл Смайыл мен Лев Тараков

Бүгін Ақордада ең үздік журналистер анықталып, Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранттары табыс етілді. Оны журналистердің кәсіби мерекесінде Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков табыс етті. Басты марапат – ҚР Президентінің сыйлығы «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл мен «Время» басылымының бас редакторы Лев Тараковқа берілді.


Бүгін Ақордада ең үздік журналистер анықталып, Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранттары табыс етілді. Оны журналистердің кәсіби мерекесінде Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков табыс етті. Басты марапат – ҚР Президентінің сыйлығы «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл мен «Время» басылымының бас редакторы Лев Тараковқа берілді.

Ал Елбасы гранттары «КТК» телеарнасының Астанадағы тілшілер қосынының жетекшісі Ярослав Крисиенкоға және «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тілшісі Жайнагүл Төлемісоваға бұйырды. Мұнымен қоса, бірқатар БАҚ өкілдерінің ұжымы Президенттің алғыс хаттарына ие болды.

Биылғы ақшалай сыйлықтың жалпы қоры 7 миллион 408 мың теңгені құраған екен. Президент сыйлығының лауреаттары 2 миллион теңге, грант иегерлері 1 миллион 700 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алатынын еске сала кетелік.

Сондай-ақ кеше Астанада «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналған журналистер арасында жарияланған «Нұр Сұңқар» бәйгесінің сыйлығын табыстау рәсiмi өттi. Биылғы байқауды «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі ұйымдастырды.

Байқауда жетi аталым бойынша жеңiмпаздар анықталды.

«Көзқарас - ең үздік блогер» аталымындағы «Нұр Сұңқар» сыйлығы қазақстандық блогерлер Өркен Кенжебек пен Яков Федоровқа бұйырды. Республикалық «Айқын» газетінің руханият, әлеумет бөлімінің редакторы Гүлзина Бектас «Аймақ айнасы» аталымы бойынша жеңiмпаз атанды. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Сүлеймен Мәметке газет-журналдардың ең үздік журналисі ретінде «Нұр Сұңқар» сыйлығы табыс етілді. «7 арна» телеарнасының «Другими словами» сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі Майя Бекбаева «Ерекше пікір» аталымы бойынша ең үздік телевизиялық журналист ретінде танылды. Жеңiмпаздардың әр қайсысы 1 миллион теңгеге ие болды.

Сол секілді «Қазақстан» РТРК АҚ басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасының қайраткері Нұржан Мұхамеджанова «Нұр Сұңқар» байқауының «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін» номинациясын жеңіп алды.

Ал «Хабар» телеарнасы «Жеті күн» бағдарламасының жүргізушісі әрі шеф редакторы Ольга Цой "Нұр Отан" партиясының қызметiне қатысты ең үздiк материалы үшiн «Нұр Сұңқар» сыйлығының лауреаты атанды.

«Bnews» ақпарат агенттігінің бас редакторы Анар Базмухаметова «Медиа-профи» аталымы бойынша «Нұр-Сұңқар» сыйлығын иеленді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети