16 шілде 2014 17:47

Жазушы Энгельс Ғаббасов дүниеден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энгельс Ғаббасов. ©Nadezhda.kz Энгельс Ғаббасов. ©Nadezhda.kz

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Энгельс Ғаббасов қайтыс болды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин айтты.


Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Энгельс Ғаббасов қайтыс болды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин айтты.

Жазушы 77 жасында дүниеден өтті. "Энгельс Ғаббасұлы өткен аптада дүние салды. Жұма күні қазақтілді басылымдарда хабарладық. Жазушы өзінің туған өңірі Оралға жерленді", - деді Оразалин.

"Тағы бір әріптесіміз әрі серігіміз өмірден өтті. Белгілі жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Энгельс Ғаббасов қайтыс болды. Оның тынымсыз еңбеккер ретіндегі бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", - делінген Жазушылар одағының көңіл айту мәтінінде.

Энгельс Ғаббасов 1937 жылы Батыс Қазақстан облысының қазіргі Жалпақтал ауылында туған. Орал педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін (1957), Алматы жоғары партия мектебін (1966), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын 1976) бітірген. 1957-1968 жылдары мұғалім, комсомол жұмысында, 1966 жылдан Орал облыстық партия комитетінде жауапты қызметте болды. 1996 жылы ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды. "Қарт шопан» атты алғашқы әңгімесі "Простор» журналында (1965) жариялайды. Ғаббасов 1998 жылдың 22 қазанында Қазақстан президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған. 1999 жылдың 10 қаңтарында болған сайлауда сайлаушылардың 55,708 (0,76%) дауысына ие болып, төртінші орынды місе тұтты.

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети