27 сәуір 2015 11:04

Лондонда Шәкәрім жайлы кітап шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ЕҰУ баспасөз қызметі © ЕҰУ баспасөз қызметі

Лондонда Шәкәрім жайлы кітап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кітаптың авторы осы оқу орнының ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, халықаралық "Мәңгі Ел" ғылыми-көпшілік тарихи журналының бас редакторы - Ерлан Сыдықов.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Шәкәрім" атты танымдық-ғұмырбаяндық кітабы "Шәкәрім. Қазақ ақынының өмірі"("Shakarim. The life of Kazakh poet") деген атпен ағылшын тілінде жарық көрді. Сөйтіп, бұған дейін қазақ, орыс, түрік тілдерінде шыққан қазақ тұлғасы туралы толымды еңбек ағылшын оқырмандарына жол тартты.

"Кітаптың тұсаукесері 23 сәуір күні Лондон қаласында Абай күндері қарсаңында ұйымдастырылған "Қазақтың Лондондағы өнер фестивалі" шеңберінде өтті. Салтанатты шараны Werner Capital компаниясының басшысы Томас Вернер ашты.
Кітапты ағылшын тілінде өнертанушы ғалым Тайзенхаузен таныстырды: "Бұл кітапта қазақ ақыны, философ әрі педагог Шәкәрімнің бүкіл өмірі ғана емес, сонымен қатар ұлт тарихы жатыр" деп ерекше атап өтті", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети