26 қыркүйек 2014 17:21

Зерттеуші-жазушы Таласбек Әсемқұлов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таласбек Әсемқұлов. ©kaztv.kaztrk.kz Таласбек Әсемқұлов. ©kaztv.kaztrk.kz

Қазақ мәдениеті мен өнерін зерттеуші, жазушы, кинодраматург, күйші Таласбек Әсемқұлов 60 жасқа қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды "Қазақстан" ұлттық телеарнасы.


Қазақ мәдениеті мен өнерін зерттеуші, жазушы, кинодраматург, күйші Таласбек Әсемқұлов 60 жасқа қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды "Қазақстан" ұлттық телеарнасы.

Таласбек Әсемқұлов 1955 жылы 1 тамызда бұрынғы Семей облысы Аякөз ауданы "Ақтоғай" теміржол станциясында дүниеге келген. 1976-1980 жылдары Алматыдағы Абай атындағы педагогика институты филология факультетін тәмамдады. Проза, сценарий жазу өнерімен педагогикалық институтта оқып жүрген кезінен айналысқан.

1980-1983 жылдары Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт аспаптар музейінің ғылыми қызметкері, 1984-1987 жылдары республикалық "Жазушы" баспасында әдеби редактор болды.

1987-1998 жылдарда Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы фольклор кабинетінің меңгерушісі, 1998-2006 жылдары республикалық "Жұлдыз" әдеби журналы сын бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Республикалық баспасөзде "Атайы", "Кәрі ат", "Арылу" сияқты әңгімелері, "Шымдан" повесі және "Талтүс" романы жарық көрген.

Ол - "Көкбалақтың өлімі", "Біржан Сал", "Жезтырнақ", "Алматы – Астана", "Тұмар падиша" сынды киносценарийлердің авторы. 1973 жылы "Бәйжігіт күйлері" деген жеке гранд-дискі Бүкілодақтық "Мелодия" фирмасынан шықты. "Мәңгілік сарын" антологиясына 20-дан астам, 2009 жылы шыққан "Қазақтың мың күйі" антологиясына 40-тан астам күйі енген. 2010 жылы Парижден "Тәттімбеттің мұрасы" атты CD-дискі шықты.

Таласбек Әсемқұловты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 29 сәуір күні Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети