21 желтоқсан 2015 15:47

2016 жылы Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін боксшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. © bleacherreport.com Геннадий Головкин. © bleacherreport.com

2016 жылы қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA (Super), WBC (Interim), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин рингке үш мәрте көтерілуді жоспарлап отыр. Осыған орай, Vesti.kz тілшісі GGG-ге қарсы шығуы мүмкін делінген боксшылардың тізімін жасады.


2016 жылы қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA (Super), WBC (Interim), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин рингке үш мәрте көтерілуді жоспарлап отыр. Осыған орай, Vesti.kz тілшісі GGG-ге қарсы шығуы мүмкін делінген боксшылардың тізімін жасады.

Шығуы мүмкін, күмәнді және 50/50

35 жастағы қазақстандық рингке наурыз айында оралады, бұл жайлы оның командасы айтып отыр. Бірінші кезекте қарсылас болып отырған 31 жастағы багам боксшысы Туреано Джонсон (19-1-0). Статистикасы мықты болғанымен, Головкинге лайықты қарсылық таныта алады деуге болмайды. Джонсон Кертис Стивенсонмен жұдырықтасып, техникалық нокаутқа түсіп қалған еді. Ал Кертисті Геннадийдің қалайша сабағанын есімізден шығармайық. Соңғы жылда багам боксшысы рейтингтерде өсті, ал боксшы ретінде өсе алды ма?

Кертис Стивенс - Туреано Джонсон жекпе-жегінің видеосы

Ал WBO тұжырымы бойынша әлемнің су жаңа чемпионы, ағылшын Билли Джо Сондерс Головкинмен бірінші болып шығады деуге асықпайық. Кәсіби боксқа 26 жастағы Сондерс 2009 жылы келіп, 23 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Бірақ ол Британиядан әлі күнге шығып, жұдырықтасып көрмеген. Дәл осы боксшы Джаррод Флетчерге, Гарри О'Салливанға, Джону Райдерге, Эмануэль Бландаморға және Крис Юбенкке мансап жолдарында тұңғыш рет жеңілістің дәмін таттырды. Олардың қатарында қатарынан 12 жеңісі барлар да болды. Сондерс өз райдерін жария етті - онымен Ұлыбританияда жұдырықтасу қымбатқа түседі. 

Билли Джо Сондерс - Энди Ли жекпе-жегінің видеосы

Тағы бір үміткер, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс. 28 жастағы америкалық таяуда ғана Питер Куиллинді жеңіп, ұсыныс қабылдауға көшті. Ол тіпті Головкиннің титулдарын тартып алғысы келетінін мәлімдеп үлгерді. Бірақ, әрине, оның бұл сөзі іске айналмай қалады деген сенім бар, алайда Джейкобс бәрібір де батыл жігіт. 

Дэниэл Джейкобс - Дмитрий Пирог жекпе-жегінің видеосы

Альварес және қыркүйек

Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің WBC тұжырымына талас жекпе-жегінің уақыты - 2016 жылдың қыркүйегі. Бұл мерзім мамыр айында рингке оралатын мексикалыққа ыңғайлы және салыстырмалы түрде қазақстандыққа да ыңғайлы, себебі қазақстандық жарты жылдай уақытта рингке шықпайды. Головкинге маусым-шілдеге де бір жекпе-жек қойса да болады, себебі қазіргі жоспарда тағы бір жекпе-жек қосуға уақыт қалмай қалады. Немесе тек желтоқсан қалады. 

Сауль титулын қорғап қалу үшін бастапқыда өз деңгейіндегі қарсыласты таңдайтын шығар, чемпиондық статустың ләззатын алып үлгеруі керек шығар? Егер мексикалық осы жекпе-жекті ұтып, GGG-мен кездесуге дайындалады, сондықтан қыркүйектегі жекпе-жек мәселесі шешілді. Әйтеуір 31 мамырда жекпе-жек регламентімен келісіп алса болғаны.   

Сауль "Канело" Альварес - Флойд Мейвезер жекпе-жегі

Үшіншісі кім?

Есептеуіміз бойынша, желтоқсанда өтетін жекпе-жек соңғысы. Альвареспен кездескеннен кейін оңай қарсылас түсуі керек. Мұнда Сондерс пен Крис Юбенк қана ойға оралады. Ағайынды Чудиновпен де келісімшарт жасалуы мүмкін, себебі екі тарап та келіссөз жүргізу туралы деректі жоққа шығармады. Басқа категориядағы боксшы да қарсылас болуы мүмкін, мәселен Эрисланда Лара немесе Андре Уорд. Әрине, соңғы боксшымен кездесу қиынға соғады. Бірақ қазақстандықтың ұсынысын қабылдайды деген тағы үш боксшы бар. 

Хорхе Себастьян Хейланд (26-4-2)

Аргентиналық боксшы. WBC рейтингінде Альварес пен Головкиннен кейін тұр. Бір жыл бұрын Мэттью Макклинді оныншы раундта нокаутқа түсірген (Голвкинге үш-ақ раунд жеткілікті болды). 2010 жылы колумбиялық Нильсон Хулио Тапиадан жеңіліс тапты. Хейланд осы жеңілістен кейін аздаған қорытынды шығарды. Головкин аргентиналыққа өзімен шайқасуға мүмкіндік беруі мүмкін.

Хорхе Себастьян Хейланд - Мэттью Макклин арасындағы жекпе-жектің толық видеосы

Хассан Н'Дам Н'Жикам (31-2-0)

Француз боксшысы Головкиннің соңғы қарсыластарының бірнешеуімен кездесіп көрді. Стивенсті жеңгенімен, Давид Лемьеден жеңілді. Ол АҚШ-та немесе Еуропада кездесу өткізуге қарсы емес. Соққысы күшті - 31 кездесудің 18-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Лемье мен Куиллиннен ұпай саны бойынша ғана жеңілді - нокаутқа түспеген.

Хассан Н'Дам Н'Жикам - Кертис Стивенс арасындағы жекпе-жектің видеосы

Рета Мурата (8-0-0)

29 жастағы жапон, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кәсіби бокста да бақ сынаған. Қазір ол орта салмақта жекпе-жек өткізерін немесе жоғары салмақ дәрежесіне өтерін білмей жүр. Ол барлық ұйымның рейтингінде алғашқы қатарларда тұр. Жеңіліп көрмеген қарсыласпен кездесу ол үшін оңтайлы нұсқа.

Рета Мурата - Гуннар Джексон жекпе-жегінің видеосы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети