17 наурыз 2014 15:40

AIBA-ның рекорды мен жетістігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет aiba.org сайтынан Сурет aiba.org сайтынан

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) сәуір айында Софияда өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына тіркелу уақытының аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. AIBA-ның ресми сайты алдағы әлем чемпионатының тарихи маңызы зор және рекордты болатындығын мәлімдеуге қуанышты екендіктерін де ілтипатпен жазған. Біріншіден, Софиядағы (Болгариядағы) әлем чемпионаты тамыз айында Нанкинде (Қытайда) өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жалғыз ғана іріктеу сыны болатындығы алға тартылған. Екіншіден, қазірдің өзінде 105 елден 606 боксшы (506 бозбала және 100 бойжеткен) тіркелгендігін баса көрсеткен. Сондай-ақ, әр түрлі жағдайларға байланысты тағы да 175 боксшының қосалқы тізімде тұрғандығын да баяндаған. Сонда 10-25 сәуір аралығында Болгарияда өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 781 боксшы қатысуы мүмкін екен. Ал 2012 жылы Ереванда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 69 мемлекеттен 367 боксшы қатысқан. Әрі өткен әлем біріншілігі тек бозбалалар арасында ұйымдастырылған. Биылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ерекшелігі сол, София шаршы алаңында қыздар да жұдырықтаспақ. Осы ретте, биыл қыздар боксы алғаш рет жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізіліп отырғандығын айта кетуге тиіспіз. Әзірше тек үш салмақта: ең жеңіл (48-51 келі), жеңіл (57-60 келі) және орта (69-75). Осыған орай, Софиядағы әлем чемпионатында қыздар үш салмақта бақ сынап, Нанкин Олимпиадасының жолдамаларын сарапқа салады. Ал Болгариядағы әлем біріншілігіне 47 мемлекеттен 100 боксшы қыз тіркелген. Бозбалалардың нақты саны – 103 елден 506 боксшы. – AIBA басшысы ретінде және жалпы бокс қауымдастығы атынан мен бұл сандарға (әлем чемпионатына қатысатын боксшылар саны) шектен тыс қуаныштымын. Өйткені бұл сандар біздің сүйікті спортымыздың қарқынды түрде дамып келе жатқандығын білдіреді. Әрі AIBA жүргізген реформа мен өзгерістердің жемісі болып табылады. Бұл – жас ұрпақтың біздің спортымызда өнер көрсетуді армандайтындығының айғағы. Олар AIBA-ның өздеріне қызықты мүмкіндіктер тудыратындығын біледі. Олар – бокстың болашақтары. Мен олардың София шаршы алаңында бәсекеге түскендерін көруге асықпын, – депті AIBA президенті, доктор Чинг-Куо Ву. Бұдан әрі AIBA өздерінің "Арманға жол" деген тың бағдарламалары жайлы тәптіштеп жазған. Бұл бағдарламаның аясында жағдайлары жұпыны және дамушы елдердің боксшылары мен бапкерлері әлем чемпионаттары сияқты AIBA-ның дүбірлі додаларына екі апта бойы жаттығу базаларында дайындала алатындықтары жазылған. Бұл ретте AIBA әрбір боксшыға (бапкерге) авиабилетер, жатын орын, тамақ пен сусын, жаттығу орталықтарын барлық жабдықтарымен, оқу кешендерін, бокс қолғаптары мен бас киімдерді – бәрін тегін ұсынып, сақтандыру полистері мен визаларының шығындарын да өз мойындарына алып, жаттығу жиынын өткізетін елде көлікпен тасымалдауды да жүзеге асыратындықтарын тізіп өткен. Мысалы, осы жолы Софияда "Арманға жол" (немесе "Софияға жол") бағдарламасы аясында жаттығу жұмыстары 29 наурызда басталып, оған 31 мемлекеттен 60 жас боксшы (48 бозбала және 12 бойжеткен) қатысады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети