15 тамыз 2016 06:02

Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының жартылай финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалда 81 келіге дейінгі категориядағы Ниязымбетов қазақтан туған әзірбайжандық Теймур Мамедовты 3:0 (30-27, 30-27, 30-27) есебімен жеңді. 

Бірінші раундты сенімді түрде жеңген ақтаулық боксшы екінші раундта да басымдығын көрсете білді. Соңғы раундта да ол мықтылығын дәлелдеп берді.  


© Reuters

Айта кетейік, Мамедовтың ата-анасы Шымкенттің тумасы екен, ал шешесінің ұлты - қазақ. Теймурдің өзі Қазақстанға туысқандарына келіп тұрады екен. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында ол қола жүлде алған болатын. 

Ниязымбетов енді жартылай финалда Ұлыбритания боксшысы Джошуа Буатсимен жұдырықтасады. Осыған дейінгі жекпе-жегінде Гананың тумасы, 23 жастағы Буатси өзбек қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберген. 

Ниязымбетов - Буатси жекпе-жегі 17 тамызда Астана уақыты бойынша 3:30-де басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети