27 маусым 2015 19:54

Ақпарат құралдары Геннадий Головкиннің келесі қарсыласын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аtyrau-business.com © Аtyrau-business.com

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин рингке алдағы қыркүйекте шығады. Boxingnews24.com басылымының ESPN тілшісі Дэн Рафаэльге сілтеме беріп хабарлауынша, Головкиннің қарсыласы Туреано Джонсон (18-1, 13 КО) болуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин бірлескен жекпе-жек өткізу үшін канадалық Давид Лемье мен француз Хассан Н'Дам Н'Жикам арасындағы кездесудің нәтижесін күтті. Кездесуде Лемье жеңіске жетіп, орта салмақта IBF титулына ие болды.

Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуынша, IBF бірлескен жекпе-жек өткізуге қарсы емес, дегенмен Лемьенің жаттықтырушысы Оскар Де Ла Хойя шәкіртінің Головкинмен кездескеннен гөрі, титулын қорғағаны маңызды деп санайды.

"Джонсонның жақында жақсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айта аламын. Бұл қызық болады, себебі мұндай жағдайда ол жекпе-жекке шығады", - деді тілші Рафаэль. Туреано Джонсон өткен жылы төртінші раундта Кертис Стивенстен жеңілгеннен кейін өткізген төрт жекпе-жегінде де жеңіске жетті.

Сонымен қатар, Головкин орта салмақта экс-чемпион Карл Фрочпен де кездескісі келді, дегенмен ұлыбританиялық мансабын жалғастыруға дайын емес екенін мәлімдеді. Оның промоутері Эдди Хирн ол Головкиннен кездескеннен бұрын зейнетке шығып кететінін айтты. Қазақстандық боксшының қарсыласы болып қалу мүмкін спортшылардың тізімін мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети