26 тамыз 2015 16:18

АҚШ рэперлері Головкин жайлы үшінші әнін таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марио Руис пен Геннадий Головкин. © instagram.com Марио Руис пен Геннадий Головкин. © instagram.com

Лос-Анджелес қаласында тұратын америкалық рэперлер Марио Руис пен Омар Круз таяу уақытта қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жайлы жаңа әнді таныстырады, - деп хабарлайды Vesti.kz


Лос-Анджелес қаласында тұратын америкалық рэперлер Марио Руис пен Омар Круз таяу уақытта қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жайлы жаңа әнді таныстырады, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Студияда. Геннадий Головкин жайлы жаңа әнді әзірлеп жатырмыз", - деп жазды Руис Instagram желісіндегі парақшасында. Рэпер Головкин мен Давид Лемьенің жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаттарының біріне қатыса алғанын жазды. "Ән Головкин - Лемье жекпе-жегінің қарсаңында шығады", - деп хабарлады Круз. 

Еске салайық, америкалық рэперлер Марио Руиз бен Омар Круз қазақстандық боксшы, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге арнап бейнебаян шығарған болатын. Ән Good Boy Killa деп аталады. Рэперлер клиптің түсірілімі кезінде Геннадий Головкиннің 21 ақпанда Монакода ұлыбританиялық Мартин Мюррейге қарсы өтетін жекпе-жекке дайындығына қатысқан еді. Ал ең бірінші ән "Мексикалық стиль" (Mexican Style) деп аталды және ол 2014 жылдың 18 қазаны күні АҚШ-та қазақстандық боксшының мексикалық Марко Антонио Рубионы мерзімінен бұрын жеңерінің алдында жарыққа шықты. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети