02 қыркүйек 2017 10:20

Әлем чемпионаты: Бүгін финалда үш қазақстандық боксшы жұдырықтасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Данияр Майлыбаев © Данияр Майлыбаев

Бүгін, 2 қыркүйекте немістің Гамбург қаласында бокстан 2017 жылғы әлем чемпионатының финалдық кездесулері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бүгін, 2 қыркүйекте немістің Гамбург қаласында бокстан 2017 жылғы әлем чемпионатының финалдық кездесулері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Астана уақытымен 22:00-де рингке 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшылар шығады, олардан кейін салмақ категориясы жоғары боксшылар шығады. 

Финалда үш қазақстандық боксшы жұдырықтасады: Қайрат Ералиев (56 келіге дейін), Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары).

Әлем чемпиоатындағы финалдық жекпе-жектердің толық тізімі:

49 келіге дейін:
Хоанис Архилагос (Куба) - Хасанбой Дусматов (Өзбекстан);

52 келіге дейін:
Йосвани Вейтия (Куба) - Жасурбек Латипов (Өзбекстан);

56 келіге дейін:
Кайрат Ералиев - Дюк Раган (АҚШ);

60 келіге дейін::
Ласаро Альварес (Куба) - Софьян Умиа (Франция);

64 келіге дейін:
Икболжон Холдаров (Өзбекстан) - Энди Круз Гомез (Куба);

69 келіге дейін: 
Шахрам Гиясов (Узбекистан) - Роньель Иглесиас (Куба);

75 келіге дейін:
Әбілхан Аманқұл - Александр Хижняк (Украина);

81 келіге дейін:
Хулио Сесар ла Крус (Куба) - Джозеф Уорд (Ирландия);

91 келіге дейін:
Евгений Тищенко (Ресей) - Эрисланди Савон (Куба);

90 келіден жоғары:
Қамшыбек Қоңқабаев - Магомедрасул Меджидов (Әзірбайжан).

Айта кетейік, 20 жастағы Аманқұл мен 25 жастағы Қоңқабаев әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысып отыр, ал 26 жастағы Ералиев 2013 жылы Алматыда қола медаль алса, келесі Дохадағы турнирде 1/8 финалында жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети