19 сәуір 2014 11:13

Алтыннан үмітті жас талантымыз жеңіліске ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретте - Сұлтан Зауырбек. Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды Суретте - Сұлтан Зауырбек. Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль әпереді деп ерекше сенім артып отырған талантты жас боксшымыздың бірі жеңіліске ұшырады, - деп өкініш білдіреді Tengrinews.kz.


Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль әпереді деп ерекше сенім артып отырған талантты жас боксшымыздың бірі жеңіліске ұшырады, - деп өкініш білдіреді Tengrinews.kz.

Соңғы үш күнде тәулігіне бір боксшымыздың ұтылатыны "әдетке" айналған еді. Бірақ алтынға балап отырған Аян Қалибеков жеңілістің кермек дәмін татады деп ойламаған едік. Өкінішке қарай, бұл жекпе-жекті көре алмадық. Бірақ көргендер "біздің Аян жеңілген жоқ" деп, өкініштен өзектері өртеніп жүр. Төрешілердің шешімі екі айырылып, Аян Қалибеков Әзірбайжан боксшысы, жастар арасындағы Еуропа чемпионы Джавид Гулиевтен 1:2 есебімен ұтылып қалған-мыс...

Кеше түнде шаршы алаңға шыққан басқа екі боксшымыз жеңіске жетті. 75 келідегі Бекжан Бәкіров Румыния боксшысы Юлиан Ивановты 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал 56 келі салмақ дәрежесіндегі Сұлтан Зауырбек Молдова үміті Эдуард Бутуляктан тура осындай есеппен (3:0) басым түсіп, келесі кезеңге шықты.

Кеше күндіз екі қызымыздың жеңіске жетіп, ширек финалға шыққандарын жазғанбыз. Естеріңізге сала кетейік, Болгарияның бас қаласында қыздар тек үш салмақ дәрежесінде сынға түсуде. Ширек финалға тек екі елдің боксшы қыздары толық құраммен шығыпты. AIBA-ның сайтының мәлімдеуінше, Тайпэй мен Түркияның ғана үш қызы да ширек финалға шыққан. Ал Қазақстан, АҚШ, Италия және Ирландия секілді боксшылары қарымды елдердің екі қыздары – ширек финалда.

Кешегі Қазақстан жастарының нәтижелері:

Қыздар
51 келі:Алуа Балқыбекова – Мэйлис Ганглофф (Франция) – 2:1
75 келі: Валентина Хальзова - Симин Чен (Қытай) – 3:0

Жігіттер
75 келі: Бекжан Бәкіров – Юлиан Иванов (Румыния) – 3:0
56 келі: Сұлтан Зауырбек – Эдуард Бутуляк (Молдова) – 3:0
64 келі: Аян Қалибеков – Джавид Гулиев (Әзірбайжан) – 1:2

Бүгін шаршы алаңға төрт жігітіміз шығады. Қазақ жанкүйерлері ғана емес, әлемдік бокс сүйер қауым 60 келідегі қазақтың жас таланты, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов пен ресейлік жастар Еуропа чемпионы Темирлан Батдыев арасындағы жекпе-жекті асыға күтуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети