03 қазан 2015 17:00

Америкада мамандар Головкинді "түрі балаға ұқсас қанішер" деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tofight.ru © Tofight.ru

Американың НВО телеарнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арнап деректі фильм түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Американың НВО телеарнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арнап деректі фильм түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Фильмде боксшының балалық шағы жайында, оның үлкен ағаларының басынан өткен қайғылы оқиға мен Головкиннің әлемдік деңгейдегі боксшы болу үшін төккен еңбегі туралы баяндалады.

Бокс сарапшылары мен журналистері оны әдемі күлкісі бар, түрі кішкентай ұл баланыкіне ұқсайтын, бірақ рингте кез келген қарсыласын "өлтіре" алатын, жаңа "орта салмақтағы Майк Тайсон" деп атайды. Журналистер қазақстандық боксшының қарапайымдылығын, сыпайылығын және құрметтілігін де ұмыт қалдырған жоқ.

"Мұндай қасиеттер адамдардың арасында жиі кездесе бермейді", - деді The Record журналының колумнисі Кейт Идек.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети