03 мамыр 2014 23:12

"Астана Арландары" финалға шыға алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: flickr.com Фото: flickr.com

"Астана Арландары" Әзірбайжанда өткен WSB жобасының екінші жартылай финалдық кездесуінде "Баку оттарынан" ұтылып қалып, ақтық сынға шыға алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Астана Арландары" Әзірбайжанда өткен WSB жобасының екінші жартылай финалдық кездесуінде "Баку оттарынан" ұтылып қалып, ақтық сынға шыға алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Негізі, ұтылды деуге аузымыз бармайды. Әсіресе, 52 келі салмақ дәрежесіндегі Ілияс Сүлейменов қарсыласына есе жіберген жоқ сияқты еді. Бірақ төрешілердің шешімі мүлде басқаша болып шықты...

Екінші жекпе-жекте Самат Бәшенов ұтылды. Қабағы жарылып, дәрігер одан әрі жұдырықтасуына рұқсат бермей, Саматқа техникалық жеңіліс жазылды.

Манат Өмірзақов шаршы алаңда жорғадай желіген қарсыласынан айласын асыра алмады. Оған келісеміз. Тәжірибе жетіспегендей.

Өте шиеленісті өткен төртінші жекпе-жекте төрешілер жеңісті Хрвое Сепке берді. Сеп сенімді ақтап, негізінен қарсыласын тықсырумен болып, түйгіштеп жүріп шаршатты.

Ең соңғы айқаста Қазақстан командасының боксшысы жеңсе, онда "Арландардың" финалға шығу мүмкіндігі болар еді. Бірақ төрешілер үмітімізді үзді. Филипп Хргович қарсыласын қуалап жүріп, төпелесе де, нокдаунға түсіріп, басымдық танытса да, төрешілер жеңісті Әзірбайжан боксшысына берді.

Бір қызығы, WSB ресми сайтындағы жекпе-жек нәтижесінде жазылған есеп Хрговичтің жеңіске жеткендігін білдіреді. Бірақ төрешілер оның қарсыласының қолын көтерді...

Осылай, "Астана Арландары" жеңіліске ұшырап, финалға шыға алмады. Өйткені, Қазақстан клубы елордада өткен бірінші кездесуде 3:2 есебімен ғана жеңіске жеткен болатын. Ал түзде, төрешілердің шешімдері бойынша 1:4 есебімен ұтылып қалды. Сонда жалпы есеп – 4:6.

Сөйтіп, финалда Куба боксшылары мен Әзірбайжан командасы кездесетін болды.

WSB жобасы. Жартылай финал. Екінші кездесу.
"Baku Fires" – "Astana Arlans" – 4:1

52 келі: Элвин Мамишзаде – Ілияс Сүлейменов - 3:0 (48:47, 48:47, 48:47),
60 келі: Альберт Селимов – Самат Бәшенов – TKO 2R
69 келі: Евгений Рамашкевич – Манат Өмірзақов – 3:0 (49:46, 49:46, 49:46),
81 келі: Михаил Долголевец – Хрвое Сеп – 1:2 (45:49, 46:48, 48:46),
+91 келі: Хаджи Муртазалиев – Филипп Хргович – 2:1 (47:47, 47:47, 44:50).

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети