06 сәуір 2014 15:43

"Астана Арландары" жартылай финалда Әзірбайжан "нокаутшыларымен" кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет flickr.com сайтынан Сурет flickr.com сайтынан

"Астана Арландары" WSB жобасының жартылай финалында "Баку оттарымен" кездесетін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Астана Арландары" WSB жобасының жартылай финалында "Баку оттарымен" кездесетін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кеше түнде Әзірбайжан клубы, яғни «Baku Fires» Италияда «Dolce&Gabbana Italia Thunder» клубымен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Бірақ өз жеріндегі бірінші кездесуде 5:0 есебімен жеңіске жеткендіктен жартылай финалға Әзірбайжан боксшылары шықты.

Негізі, Италия клубы Әзірбайжан боксшыларынан есе қайтармақ болып, ерекше дайындалған еді. Кампионе д'Италияда өткен кездесуде шаршы алаң иелері басымдық танытып жатқан-ды. Алғашқы төрт жекпе-жекте Италия клубының боксшылары жеңіске жетіп, бесіншісінде де жеңіс қолда тұрғандай еді...

Алайда 14 бойы Арсланбек Махмудовты төпелеп, басымдық танытқан Михай Нистор соңғы секундтарда босаңдық танытып, нокаутқа түсіп қалды. Жекпе-жектің аяқталуына небәрі 25 секунд қалғанда өткен маусымда «Астана Арландарының намысын қорғаған Румыния боксшысы Италия клубын жерге қаратты.

Сөйтіп Италия клубының бұған дейінгі төрт жеңісі мен барлық ынта-жігерлері кәдеге аспай қалды. Жалпы, бұл кездесуде Эндрю Селби Эльвин Мамишзадені (52 келі), Доменико Валентино Альберт Селимовті (60 келі), Винченцо Манджакапре Магомед Нурудзиновті (69 келі), ал Абделхалид Беншабла Теймур Мамедовті жеңген болатын.

Сонымен жартылай финалда «Астана Арландары» Әзірбайжан боксшыларымен кездесетін болды. Байқамаса болмайды. Әзірбайжан клубының ауыр салмақтағы боксшыларының соққылары – тау құлатарлықтай пәрменді.

Кеше ғана ең ауыр салмақтағы Арсланбек Махмудов жеңіліп жатып Михай Нисторды нокаутқа түсірсе, осыдан бір аптадай уақыт бұрын 91 келідегі Абдулкадыр Абдуллаев әйгілі Клементе Руссоны да нокаутпен жеңген.

Алматыда өткен әлем чемпионатының финалында Магомедрасул Меджидовтың да ұтылып жатып, біздің Иван Дычконы сұлатып салғанын да ұмытқан жоқпыз. Ендеше, сақ болу керек...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети