08 ақпан 2015 19:52

"Астана Арланс" боксшылары америкалық команданы 5:0 есебімен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Астана арланс" клубының әлеуметтік желідегі парақшасы ©"Астана арланс" клубының әлеуметтік желідегі парақшасы

"Астана Арланс" клубы Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясында "Америкалық нокаутшылардан" басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана Арланс" клубы Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясында "Америкалық нокаутшылардан" басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8 ақпан күні Қарағанды қаласында Серік Сәпиев атындағы спорт сарайында өткен кездесуде қазақстандықтар бес жекпе-жекте де жеңіске жетті. Жалпы есеп - 5-0.

Мирас Жақыпов (Шығыс Қазақстан облысы) 52 келіге дейінгі салмақта өзінің қарсыласы америкалық Венегас Брент Ричардты жеңді. Ал 60 келіге дейінгі категорияда жарақатына байланысты бір жыл уақыт үзіліс алған Ержан Мұсафиров Монтгомери Малиек Доннэлмен қолғап түйістіріп, қарсыласын тізе бүктірді.

Нельсон Стивпен жұдырықтасқан қазақстандық Хрвое Сеп үстемдігін анық дәлелдей алды. Боксшылар 81 келіге дейінгі категорияда жұдырықтасты. 69 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шымбергенов болса америкалық боксшы Цебалло Брайаннан басым болды. Ал кештің соңғы жекпе-жегінде 91 келіге дейінгі категорияда Филипп Хргович Глэнтон Брэндонмен жекпе-жекке шығып, қарсыласын нокдаунға бір рет түсіргеннен кейін, техникалық нокаутпен жеңіп кетті.

Осылайша, "Астана Арланс" клубы турнир кестесінде төртінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның "Астана Арланс" кәсіпқой клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) шеңберіндегі кездесуде Әзірбайжанның "Баку оттары" командасын жеңіп кеткен болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети