21 ақпан 2015 20:51

"Астана Арланс" боксшылары "Аргентина қырандарын" күйретті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана Арланс" пен "Аргентина қырандары" матч алдында. Фото астаналық клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан "Астана Арланс" пен "Аргентина қырандары" матч алдында. Фото астаналық клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

"Астана Арланс" клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) матчында "Аргентина қырандары" командасын ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бокс кеші 21 ақпан күні кешкісін Алматыда өтті.


"Астана Арланс" клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) матчында "Аргентина қырандары" командасын ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бокс кеші 21 ақпан күні кешкісін Алматыда өтті.

Кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Біздің команданың құрамында Азамат Исақұлов (52 келіге дейінгі салмақ дәрежесі), Роман Щегринов (60 келіге дейін), Данияр Елеусінов (69 келіге дейін), хорват легионерлері Хрвое Сеп (81 келіге дейін) және Филипп Хргович (91 келіден жоғары) жұдырықтасты. Олардың бәрі өз жекпе-жектерінде жеңіске жетті. 

Айта кету керек, бұл - "Астана Арланс" клубының WSB-дің жаңа маусымындағы қатарынан алтыншы жеңісі. Бұған дейін "Пуэрто-Рико дауылдары", "Баку оттары", "Поляк гусарлары", "Америка нокаутшылары" және "Венесуэла билеушілері" командаларының тізесі бүгілген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети