07 тамыз 2015 11:39

Букмекерлер Головкин - Лемье кездесуінің жеңімпазын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tout-sur-la-boxe.net © tout-sur-la-boxe.net

Букмекерлер Головкин - Лемье кездесуінің жеңімпазын белгіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Букмекерлер Головкин - Лемье кездесуінің жеңімпазын белгіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Букмекерлердің ойынша, бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңіске жетеді. Головкиннің жеңісіне қойылған коэффициент 1.08-ге тең, ал Лемьенікі - 10. Кездесудің тең түсетініне қойылған коэффициент 40-қа тең.

Айта кетейік, бұған дейін Давидтің менеджері Эстефан Лемье мен қазақстандық боксшы Головкин арасындағы жекпе-жектің қалай өтетіні жайында айтып берген болатын. "(...) Головкин - әлемдегі ең үздік бестіктің қатарына кіретін боксшы. Давид онымен жұдырықтасуға дайын деп нық сеніммен айта аламын. Бұл жекпе-жек Лемьені мансап жолында келесі деңгейге көтеруі мүмкін және біз Нью-Йоркке жеңіс үшін барамыз. Бұл керемет кездесу болады. Головкин мен Лемье - жекпе-жекті нокаутпен аяқтауды әдет қылған жігіттер, олар бұл кездесуде бар күштерін салады. Бәрімізді естен кетпес шоу күтіп тұр", - деді Эстефан.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети