03 қазан 2015 14:00

Бұрын Головкиндей соққысы мықты ешкім болған жоқ, енді Лемье бар - Рубио

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марко Антонио Рубио. © fightnews.ru Марко Антонио Рубио. © fightnews.ru

Мексикалық атақты боксшы Марко Антонио Рубио алда болатын қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемье жекпе-жегі туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Мексикалық атақты боксшы Марко Антонио Рубио алда болатын қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемье жекпе-жегі туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен Лемьенің жақсы мүмкіндіктерін көріп отырмын, ол мықты, соққысы күшті. Біз осыдан төрт жыл бұрын кездестік. Ол кезде тәжірибесіз еді, ал қазір көптеген боксшыны жеңе алатын шамасы бар. Мен салмақ қуғандықтан, Головиннен жеңіліп қалдым. Уақытымның барлығын саунада өткіздім, Лемьемен кездесер алдында да. Мен әрдайым Лемьенің өз күшінің арқасында жеңетінін айтып жүремін. Бірақ оған мүмкіндік берілетін сәт тууы тиіс", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл жекпе-жекте Головкиннің жеңетін мүмкіндігі зор.

"Головкиннің жеңетін мүмкіндігі бар, себебі ол өте қауіпті, бірақ бұл Лемье тосын сый жасай алмайды дегенді білдірмейді. Бұрын Головкиндей соққысы мықты ешкім болған жоқ, енді Лемье бар. Бұл өте керемет жекпе-жек болады, тіпті соғыс деп айтар едім, ол ешкімді де бейжай қалдырмайды", - деп келтірді Рубионың сөзін Espndeportes.

Айта кетейік, Марко Антонио Рубио 2014 жылы 19 қазанда Карсонде өткізген Головкинмен жекпе-жегінде нокаутқа түсті.

Ал Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети