17 сәуір 2017 15:23

Былтыр да айтқанмын, қайталайын: "Канело" мен GGG биыл қыркүйекте жұдырықтасады - Шеридан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

HBO, ESPN, FOX және Showtime арналарында жұмыс істейтін америкалық комментатор әрі сарапшы Боб Шеридан Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында неге Геннадий Головкин үшін Билли Джо Сондерске қарағанда Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасқан тиімді екенін айтып берді.


HBO, ESPN, FOX және Showtime арналарында жұмыс істейтін америкалық комментатор әрі сарапшы Боб Шеридан Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында неге Геннадий Головкин үшін Билли Джо Сондерске қарағанда Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасқан тиімді екенін айтып берді.

"Бір жыл бұрын айтқанмын, қайталап айтайын: көпшілік күткен "Канело" мен GGG жекпе-жегі биыл қыркүйекте АҚШ-та өтеді. Альвареспен жекпе-жек біраздан бері айтылып келеді, биыл оны өткізуге барлық мүмкіндік бар. Головкиннің Сондерспен де, "Канеломен" де жекпе-жек өткізуге мүмкіндігі бар ма? Меніңше, Головкин екі жақтан келісім жүргізе бермей, бір ғана маңызды жекпе-жекке бар назарын салған сияқты. Әрине, Сондерстегі белбеу GGG-ге керек, алайда, Альвареспен жекпе-жек тартымды және Головкин үшін қаржылай тиімдірек болады. Бұл жекпе-жек орта салмақта кімнің мықты екенін анықтайды және GGG үшін жаңа мүмкіндіктер ашады", - дейді Шеридан.

Айта кетейік, 72 жастағы Шеридан бокс пен ММА жекпе-жектерін жүргізеді. Ол мыңдаған жекпе-жектерге, соның ішінде, Мұхаммед Әли мен Джордж Формен арасындағы жекпе-жекті жүргізген. Сонымен қатар, Эвандер Холифилд және Майк Тайсон жекпе-жегіне де комментатор болған. 2004 жылы Бокстың бүкіләлемдік даңқ залына Шериданның аты жазылған.

Айта кетейік, Шеридан былтыр Алматыға келіп, Қанат Исламның бокс кешіне қатысқан. Сол кезде жекпе-жектен кейін Альварес пен Головкин кездесуі туралы пікірін білдірген.

Америкалық журналист Крис Мэнкинстің айтуына қарағанда, Головкин қыркүйекте "Канеломен" жұдырықтасу үшін Сондерспен жұдырықтасудан бас тартқан. Ал "Канелоның" өзі 6 мамырда Лас-Вегаста отандасы Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жек өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети