28 мамыр 2015 09:53

Біз Геннадий Головкинге қарсы жақсы әдіс дайындаймыз - Коттоның бапкері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фредди Роуч пен Мигель Котто Фредди Роуч пен Мигель Котто

Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте өз шәкіртінің жақсы әдісті дайындайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Геннадий Головкин Коттоның титулын міндетті түрде алуға үміткер.

"Геннадий Головкин ақылсыз сөз айтты. Әдейі өзіңе соққы жасату деген не сөз? Бұл абсурд! Бірақ, Головкинмен жұдырықтасқанда абайлау керек, әсіресе жекпе-жектің басында, себебі ол күтпейді, бірден құлатуға тырысады. Соңғы кездесуінде Головкин өзінің кейбір кемшіліктерін көрсетті. Мысалы ол шаршап қалады. Денесіне тиген соққыларды жақтырмайды. Әрбір боксшының кемшілігі болады. Бірақ Головкин жақсы жігіт, ол Пакьяоның жаттығу лагеріне барды. Әрине, бізбен кездесуінде (Мигель Коттомен) Головкин досымыз болмайды, ол үшін жақсы әдіс дайындап қоямыз", - деп мәлімдеді бапкер. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.

Еске сала кетейік, Головкин соңғы рет 17 мамырда америкалық Вилли Монро кішімен кездесіп, оны 6-шы раундта жеңген болатын. Головкин 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 24 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети