16 қыркүйек 2017 11:05

Біз Головкиннің әлсіз тұстарын байқадық, соны пайдаланымыз - "Канело"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында салмақ өлшеу рәсімінен кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жектің қалай өрбитінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Мексикалық боксшы Сауль Альварес Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында салмақ өлшеу рәсімінен кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жектің қалай өрбитінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен ақылға салып жұдырықтасатын боксшымын. Жекпе-жек барысында менде "А" доспары және тағы бірнеше жоспарлар бар. Сіздер соны тамашалайтын боласыздар. Біз барлық мүмкіндігімізді көрсетеміз.

Бұл жекпе-жек тарихи болатынына сенемін. Мен шаршы алаңға шығып, бар күшім сарпылғанша жұдырықтасамын. Тарихта ең мықты боксшы болып қалуға барымды саламын.

Головкинге қатысты айтар болсам, біз оны бақылап бірнеше әлсіз тұстарын байқадық, соны пайдаланатын боламыз. Сенбі күні кешкі уақытта біз сонда барып өз жұмысымызды істейміз. Ол не істеседе барлығына дайын болып, жауап қайтарамыз", - деп жазады Boxingscene.com Альварестің сөзін.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети