Данияр Елеусінов Маркос Мохиканы нокаутпен жеңді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Sky Sports © Sky Sports

Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов никарагуалық Маркос Мохиканы нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов никарагуалық Маркос Мохиканы нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жек Монакодағы "Казино де Монте-Карлодағы" ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсон (19-0, 8 КО) арасындағы бокс кешінің андеркартында өтті.

Сегіз раундқа жоспарланған Елеусінов - Мохика жекпе-жегі үшінші раундта аяқталды. Екінші үшминуттықта қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Үшінші раундта Мохика тағы да канвасқа түсіп, 1:53-те рефери жекпе-жекті тоқтатты.

27 жастағы Елеусінов үшін бұл бесінші жеңіс (үшеуі нокаутпен), ол кәсіпқой бокста бес кездесу өткізді, ал 33 жастағы Мохика мансап жолында үшінші рет жеңіліп отыр, қоржынында 16 жеңіс бар (12 нокаут) және екі рет тең түскен.

Айта кетейік, осы кеште қазақстандық Сұлтан Зауырбек (2-0. 1 КО) никарагуалық Джонсон Теллесті (12-44-5, 6 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды. Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro