16 тамыз 2016 03:56

Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасының финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ізтұрған Алдауов © Ізтұрған Алдауов

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жартылай финалда 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Елеусінов француз спортшысы Сүлейман Сиссокомен жұдырықтасты. Бірінші раундта Елеусінов айқын басымдықпен басым түсті. Ал екінші раундтың ортасында екі боксшы бастарымен соғысып қалып, отандасымыздың басы қанап кетті. Осыдан кейін төрешілер алғашқы раундта басым болған боксшыға жеңісті беру туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Елеусіновке сәттілік тілеген болатын. "Бүгінгі жекпе-жегіңе сәттілік! Сенімен мақтанатындай болайық!" деп жазды GGG Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, отандасымыз бұған дейінгі жекпе-жегінде, ширек финалда венесуэлалық Габриэль Маэстрені 3:0 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Елеусіновтің финалда кіммен жұдырықтасатыны белгілі. Ол марокколық Мохаммад Рабиилі 3:0 есебімен жеңген өзбекстандық Шахрам Гиясов. Жекпе-жек 18 тамызда Астана уақыты бойынша сағат түнгі 1:30-да өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети