12 қаңтар 2017 15:07

Данияр Елеусінов титулға таласатын жекпе-жекке тезірек шығуы керек - Демьяненко

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sport.mail.ru © sport.mail.ru

Қазақстандағы Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz сайтына берген сұхбатында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксқа өтуі туралы пікірін білдірді. Ол қазақстандық боксшыға алға биік мақсаттар қоюын ұсынды. 


Қазақстандағы Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz сайтына берген сұхбатында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксқа өтуі туралы пікірін білдірді. Ол қазақстандық боксшыға алға биік мақсаттар қоюын ұсынды. 

"Өте қуаныштымын. Егер келісімшартқа қол қойылса, бұл Данияр үшін жақсы болады. Қазіргі уақытта бізде кәсіпқой бокста жетістікке жете алатын мықты жігіттер көп. Менің ойымша, Даниярдың мүмкіндігі зор. Ең бастысы, тек кәсіпқой боксқа бейімделуі қажет. Дайындығы да дұрыс болғаны дұрыс, оған жақсы бапкер керек. Тағы бір жағдай, біз барлығымыз білетіндей, Ломаченко өзінің екінші және үшінші кездесулерінде титул үшін талас жекпе-жектеріне шықты. Олимпиаданың екі дүркін чемпионы болғандықтан, ол осындай шарттар қоя алады", - деді Демьяненко. 

Маманның айтуынша, Данияр өзін алға тартатын адамдармен ақылдасуы тиіс және тәжірибесі мен атағы барын ескере отырып, өзінің осы саладағы турнирдегі жолын ұзаққа созудың еш қажеті жоқ. "Ертерек титулды жекпе-жекке шығу керек, себебі оның бұған мүмкіндігі бар. Егер жақсы қарсыластар табылса, оның абыройы мен даңқы арта түседі", - дейді Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті.

Осыған дейін Рио Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа өткені хабарланған еді.

Ертеректе Қазақстандағы Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко қазақстандық тағы бір боксшы туралы өз пікірін білдірген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети