25 маусым 2015 14:12

Давид Лемье Геннадий Головкиннің тілегіне қатысты жауап айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Давид Лемье. © blackvibes.com Давид Лемье. © blackvibes.com

Канада боксшысы Давид Лемье Геннадий Головкиннің тілегіне қатысты жауап айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Канада боксшысы Давид Лемье Геннадий Головкиннің тілегіне қатысты жауап айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Порталдың мәліметінше, IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, 26 жастағы Давид Лемье WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуге дайын, дегенмен ол қаржылық жағының дұрыс болғанын қалап отыр.

"Мен онымен кездесемін, алаң болмаңыздар. Бірақ ол үшін қаржылық жағы дұрыс болуы тиіс. Мен өз салмағым бойынша барлық мықты боксшымен кездескім келеді, себебі олардың барлығын жеңетінімді білемін. Олар мықты жігіттер, бірақ мен жаттығуымды дұрыс жалғастырсам, олардан биік тұрамын. Орта салмақта бірнеше жақсы боксшы бар, бірақ жақсылап дайындалсам, мені ешкім де тоқтата алмайды. Барлығы да келіссөздерге байланысты, бірақ мен ол жігіттермен жұдырықтасқым келеді", - деп келтірді Лемьенің сөзін Allboxing.ru басылымы.

Айта кетейік, Лемье келесі кездесуін Головкинмен өткізе алмайды, себебі оған титулды қорғау міндеттелді. Ал Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, IBF бұл жекпе-жектің өтуіне қарсы емес, алайда промоутерлік Golden Boy компаниясының басшысы, әлемнің экс-чемпионы Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, жекпе-жек 2016 жылға дейін өтпейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкиннің келесі қарсыласын таңдағаны туралы хабарлаған едік. Кәсіби рингте бір де бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин Twitter желісінде келесі жекпе-жегін 26 жастағы канадалық Давид Лемьемен өткізгісі келетінін мәлімдеді. Осыдан кейін Геннадий Головкин әлемнің экс-чемпионы 42 жастағы Оскар Де Ла Хойямен кездесуге дайын екенін хабарлады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети