27 мамыр 2016 18:26

Дина Жоламан Назым Қызайбайдың жолын жалғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kfb.kz © kfb.kz

Қазақстандық боксшы Дина Жоламан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрініп, Назым Қызайбайдың жолын жалғады, - деп хабарлайды Massaget.kz басылымы.


Қазақстандық боксшы Дина Жоламан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрініп, Назым Қызайбайдың жолын жалғады, - деп хабарлайды Massaget.kz басылымы.

54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз финалда болгариялық Стойка Петровамен кездесті. Қарсыласы көп ретте басын бұғып, жұдырықтасудан қашқақтаумен болды. Нәтижесінде төрешілер тарапынан ескерту алды. Ал өз мүмкіндігін сәтті пайдаланған Дина Жоламан намысты қолдан бермей, чемпион атанды.

Айта кетейік, осыған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы атанса, Жайна Шекербекова (51 келі) мен Айжан Ходжабекова (57 келі) қола жүлдегер атанған болатын. Алда Валентина Хальзова(69 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (81 келі) чемпиондық атаққа таласатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети